"Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 50/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 09 ақпанда № 4297 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 423/14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 12.07.2017 № 423/14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы “Мемлекеттік мүлік туралы” Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы “Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы” № 410 Жарлығына сәйкес Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің қадағалайтын орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Қ. Нүкенов

  Ақсу қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 21 қаңтардағы
№ 50/1 қаулысымен
бекітілді

“Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі”
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі Ақсу қаласының аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, тұрғын үй корында коммуналдық меншікті басқаруда мемлекеттік бақылау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ведомствосы жоқ.

      3. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140100, Ақсу қаласы, Астана көшесі, 21 А.

      10. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

      11. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы - “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде - государственное учреждение “Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Аксу”.

      12. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімдігі тұлғасындағы мемлекет болып табылады.

      13. Осы Ереже “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру қалалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік
мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі
міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің миссиясы – қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігін және автомобиль жолдарын қолдану мен дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

      17. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мақсаты қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары объектілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету болып табылады.

      18. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік кепілдерді қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды қалалық деңгейде іске асыру болып табылады.

      19. Міндеттері:

      1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында жеке және заңды тұлғаларға сапалы және уақытында мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингісінің жүйесін ұйымдастыру;

      2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында жұмыс нысандары мен әдістерін жетілдіру;

      3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтерді көрсеткен кезде қолданыстағы стандарттар мен регламенттердің сақталуын қамтамасыз ету.

      20. Функциялары:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар туралы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес елді мекендердің көшелерін аудандық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарын салу, қайта жаңғырту, жөндеу және күтіп-ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

      2) автомобиль жолдары (көпір өткелдері) учаскілерін концессияға табыстау бойынша ұсыныстарды, оларды пайдалану ретін және шарттарын, олар бойынша жол ақысы үшін қойылатын бағаны дайындайды;

      3) аудандық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының желісін, елді мекендердің көшелерін басқарады;

      4) қаланың коммуналдық меншігінде тұрған жолдарды және жол кәсіпорындарын басқарады;

      5) қала және басқа елді мекендердің көшелеріндегі аудандық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарын, көшелерін салу, қайта жаңғырту, жөндеу және ұстау бойынша жұмыстарды жүргізген кезде мемлекеттік бақылауды іске асырады;

      6) жылу желілерінде (магистральдық, квартал ішілік) технологиялық ақаулықтарға тексеріс жүргізеді;

      7) жылу желілерін (магистарльдық, квартал ішілік) жоспарлы жөндеуге келісім береді;

      8) күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа барлық қуатты жылу қазандықтарын және жылу желілерінің дайын құжаттарын береді;

      9) 110 киловатт және төмен, 220 киловатт және жоғары объектілері үшін электрді тарату және қосалқы станса желілерін қосалдандырушы (шунттаушы) құрылысының техникалық тиімділігі туралы қорытынды жасайды;

      10) қалалық деңгейде энергияны сақтау және энергияның тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар жүргізеді;

      11) энергияны сақтау және энергияның тиімділігін арттыру саласында өзінің біліктілігі шегінде мемлекеттік саясатты іске асырады;

      12) өзінің құзыреті шегінде энергияның мемлекеттік мекемелерімен тұтыну нормаларының сақталу мониторингісін жүргізеді, мемлекеттік мекемелерде энерго аудитті, термо қайта жаңғырту жүргізуді ұйымдастырады, мемлекеттік мекемелер үшін энергетикалық ресурстардың және жылуды пайдаланудың автоматтық жүйелерін реттеудің есеп құралдарын сатып алуды және орнатуды іске асырады;

      13) халық қолданысында болған сыныптан жасалған энергияны үнемдеу шамдарын пайдаға асыруды ұйымдастырады;

      14) жолаушыларды және жүкті қалалық (ауылдық), қала сыртындағы тұрақты тасымалдауын ұйымдастырады, олардың маршрутын бекітеді, оларға қызмет көрсету құқығына конкурсты ұйымдастырады және өткізеді және маршруттар бойынша қозғалыс кестесін бекітеді;

      15) жолаушыларды және жүкті қалалық (ауылдық), қала сыртындағы және аудан ішілік тұрақты автомобильдік тасымалдау маршруттарының тізімін жүргізеді;

      16) таксимен жолаушыларды және жүкті тасымалдауын ұйымдастырады;

      17) шалғай елді мекендерде тұратын, жалпы білім беретін мектепке балаларды тасымалдау сызбасы мен ретін дайындайды және бекітеді;

      18) шалғай елді мекендерде тұратын, жалпы білім беретін мектепке балаларды тасымалдауды ұйымдастырады;

      19) қалалық (ауылдық), қала сыртындағы хабарларда әлеуметтік маңызы бар жолаушыларды тасымалдауды іске асыруда тасымалдаушылар шығындарын қаражаттандыруын іске асырады;

      20) тахографтарды орнату және қызмет көрсету бойынша жұмысты іске асыру бастамасы туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізімін жүргізеді;

      21) такси тасымалдаушысы ретінде жұмысты іске асыру бастамасы туралы хабарлама берген жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;

      22) тұрғын үй қорын сақтау және тиісті пайдалану бойынша іс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді;

      23) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;

      24) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет пайдалары үшін жер учаскілерін және жылжымалы мүлікті иеліктен айыруға байланысты, сол сияқты сатып алу жолымен іске асырады;

      25) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес апаттық жағдайдағы үйлерді бұзуды іске асырады;

      26) тұрғын үй қорын басқару саласында мемлекеттік бақылауды іске асырады;

      27) бюджеттік қаражаттар есебінен Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңымен қарастырылған жағдайда кондоминиум объектісіне техникалық паспорттарды дайындау бойынша шығындарды өтеуді қамтамасыз етеді;

      28) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңымен қарастырылған жағдайда және Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталған ретте коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді Қазақстан Республикасы азаматтарының меншігіне табыстауды іске асырады;

      29) мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке және кезекке қоюды іске асырады;

      30) мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана беру бойынша комиссияны ұйымдастырады және жүргізеді;

      31) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне техникалық тексеріс ұйымдастырады;

      32) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жеке түрлерін жүргізу құжаттарын, кезеңдерін және кезектілігін анықтайды;

      33) тұрғын үй көмегімен қаржыландырылатын кондоминиум объектісін басқару органымен ұсынылған, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жеке түрлерін жүргізуге шығындар сметаларына келісім береді;

      34) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жеке түрлері бойынша жасалған жұмыстарды қабылдау бойынша комиссияларға қатысады;

      35) мыналар:

      кондоминиум объектісіндегі және кондоминиум объектісіне іргелес аумақтағы үй-жайлардың (пәтерлердің) иелерінің ортақ мүлкін қолдану, ұстау, пайдалану және жөндеу ретінің сақталуына;

      жылу, энергия, газ және су ресурстарының жалпы үйлерге арналған есеп құралдарының тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарында) бар болуына;

      қолданыстағы нормативті-техникалық және жобалық құжаттарына сәйкес кондоминиум объектісі үй-жайларының иелерінің ортақ мүлкінің және оның инженерлік жабдығының техникалық жағдайын, оны күтіп-ұстау және жөндеу бойынша жұмыстардың уақытында орындалуына;

      тұрғын үйді (тұрғын ғимараты) маусымдық пайдалануға дайындау бойынша іс-шараның іске асырылуына;

      анықталған ақауларды жою бойынша қабылданған шешімдер мен нұсқаулардың орындалуына;

      кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жеке түрлері бойынша орындалған жұмыстардың сапасына бақылауды жүзеге асырады;

      36) кондоминиум объектісіне іргелес аумақтағы тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарын) сапалы ұсталуын бақылау және коммуналдық қызметтерін ұсыну бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысады, сол сияқты тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарын) үйдердің аумақтарын пайдалануды іске асырылуын бақылаудағы объектілердің иелеріне, кәсіпорындарға, ұйымдарға, немесе азаматтарға консультациялық көмек көрсетеді;

      37) қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру мәселелерін шешеді;

      38) білім беру нормаларын және коммуналдық қалдықтардың жиынтығын қала мәслихатының бекітуіне дайындайды және ұсынады;

      39) жинауға, шығаруға, коммуналдық қалдықтарды көмуге және пайдаға жаратуға тарифтерді қала мәслихатының бекітуіне дайындайды және ұсынады;

      40) коммуналдық қалдықтарға қатысты өтініштер саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;

      41) қаланың коммуналдық меншігінде тұрған сумен жабдықтау объектілерін, тазалау, дренажтық жүйелерін, кәріз, жылу және электр желілерін қайта жаңғыртуды жүргізеді;

      42) қаланың елді мекендерін санитарлық тазалықпен қамтамасыз етеді;

      43) жерлеу орындарын күтіп-ұстауды және туыссыздарды жерлеуді қамтамасыз етеді;

      44) қаланың елді мекендерінде көше жарықтандыруын жүргізеді;

      45) қаланың елді мекендерін абаттандыру және көгалдандыруды ұйымдастырады;

      46) қаланың елді мекендерін сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау және радиотелефон байланысымен қамтамасыз етуге жәрдем көрсетеді;

      47) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған “Е-әкімдік”, “Е-лицензиялау” ақпараттық жүйесі және халыққа қызмет көрсету орталығының интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетеді;

      48) Қазақстан Республикасының “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарастырады;

      49) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өкілеттігі шегінде басқа да қызметтерді іске асырады.

      21. Құқықтары мен міндеттері:

      1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары, жолаушылар көлігін, тасымалдауды қолдану және дамыту саласындағы мәселелерді жедел шешу және дамудың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарды қала әкімдігі мен әкімінің қарауына енгізу;

      2) “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелері жөнінде мемлекеттік органдардан, сондай-ақ басқа ұйымдар мен азаматтардан қажетті ақпаратты сұрату және алу;

      3) “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі құзыретіне жататын мәселелері жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарында азаматтарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, өңірдегі ұқсас мемлекеттік органдармен тәжірибе алмасу, жұмыс берушілермен әрекеттесу;

      4) мемлекеттік органдарда, сотта “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғау;

      5) өз құзыреті шегінде келісім шарттар, келісімдер жасасу;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыру және басқа да міндеттерді орындау.

3. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі”
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесіне басшылықты “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      23. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Ақсу қаласының әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      24. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

      25. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

      1) “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің өкілеттіктерін және міндеттерін белгілейді;

      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін кезметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды, оларға материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      4) өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, барлық мемлекеттік органдарға және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесін ұсынады;

      6) “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы Қағидаларды, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      7) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларымен кеңестер өткізеді;

      8) “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзерлеуді қамтамасыз етеді;

      9) “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің перспективті және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауапты болады;

      11) азаматтардың жеке қабылдауын жүргізеді.

      “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны алмастыратын тұлға орындайды.

      26. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, өз орынбасарының өкілеттіктерін белгілейді.

      27. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі қалалық коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      28. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі мен қаланың жергілікті атқарушы органы арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      29. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі және еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.

4. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары
бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      30. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, жедел басқару құқығында жеке мүлкі болуы мүмкін.

      “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлкі арқылы, сондай-ақ (қаражат шығындарын қосқанда) жеке қызметі нәтижесінде алынған мүлкі және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      31. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      32. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

5. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі”
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

      33. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      34. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі таратылған кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік коммуналдық меншікте қалады.

6. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі”
мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1) Ақсу қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы “Ақсу су арнасы” коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

      2) Ақсу қаласы әкімдігінің “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы “Теплосервис-Ақсу” коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

      3) “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы “Ауыл су сервис” коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

      4) “Горкомхоз-Ақсу” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      5) “Ақсу-Коммунсервис” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады