"Ақсу қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 37/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 ақпанда № 4310 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 655/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 27.09.2018 № 655/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы “Мемлекеттік мүлік туралы” Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы “Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы” № 410 Жарлығына сәйкес Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің қадағалайтын орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Қ. Нүкенов

  Ақсу қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 19 қаңтардағы
№ 37/1 қаулысымен
бекітілді

“Ақсу қаласының ветеринария бөлімі”
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер

      1. “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен “Ақсу қаласы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140100, Ақсу қаласы, Ленин көшесі, 20.

      10. “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

      11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде: государственное учреждение “Отдел ветеринарии города Аксу”.

      12. “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімдігі тұлғасында мемлекет болып табылады.

      13. Осы Ереже “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру қалалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің
миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ветеринариялық–санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.

      17. “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мақсаты ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

      18. “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні:

      1) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;

      2) жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу;

      3) ветеринарлық–санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;

      5) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою болып табылады.

      19. Міндеттері:

      1) жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу;

      2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;

      3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;

      4) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою.

      20. Функциялары:

      1) облыстың жергiлiктi атқарушы органына бекiту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу;

      2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;

      3) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;

      4) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      5) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

      6) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;

      7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;

      8) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;

      9) қаланың аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы ұсыныстарды қаланың жергілікті атқарушы органдарға енгізу;

      10) қаланың аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы ұсыныстарды қаланың жергілікті атқарушы органдарына енгізу;

      11) мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринарлық-санитарлық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің тізімін бекіту;

      12) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауы тұрғысынан мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      13) эпизоотиялық ошақтар пайда болған жағдайда оларға тексеру жүргізу;

      14) эпизоотологиялық тексеру актісін беру;

      15) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру:

      ішкі сауда объектілерінде;

      жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринарлық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);

      ветеринарлық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;

      экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;

      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;

      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;

      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;

      16) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      17) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;

      18) қала аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

      19) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;

      20) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

      21) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;

      22) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына ұсыну;

      23) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың профилактикасы бойынша ветеринарлық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;

      24) облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;

      25) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;

      26) облыстың жергілікті атқарушы органына ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;

      27) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;

      28) Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы” Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;

      29) халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету;

      30) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.

      21. Құқықтары мен міндеттері:

      1) Ветеринария саласындағы мәселелерді жедел шешу және дамытудың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарды қала әкімдігі мен әкімінің қарауына енгізу;

      2) “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелері жөнінде мемлекеттік органдардан, сондай-ақ басқа ұйымдар мен азаматтардан қажетті ақпаратты сұрату және алу;

      3) “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі құзыретіне жататын мәселелері жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, өңірдегі ұқсас мемлекеттік органдармен тәжірибе алмасу, жұмыс берушілермен әрекеттесу;

      4) мемлекеттік органдарда, сотта “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

      5) өз құзыреті шегінде келісім шарттар, келісімдер жасасу;

      6) “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі осы Ережемен көзделген өкілеттікті іске асыру үшін мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттар мен басқа материалдарды, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте сұрауға және алуға құқығы бар;

      7) “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі осы Ережемен көзделген өкілетті іске асыру үшін Конституцияны және Қазақстан Республиканың заңын сақтауға міндетті;

      8) азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтауға және қорғауды қамтамасыз етуге, азаматтардың өтініштерін белгіленген тәртіпте және мерзімде қарастыруға, олар бойынша қажетті шаралар қолдануға;

      9) оларға берілген құқықтары шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыруға;

      10) мемлекеттік меншіктің сақталуын, сеніп берілген мемлекеттік меншікті қызметтік мақсаттарға ғана пайдалануды қамтамасыз ету;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыру және басқа да міндеттерді орындау.

3. “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі”
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесіне басшылықты “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      23. “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ақсу қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      24. “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

      1) “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің өкілеттіктерін және міндеттерін белгілейді;

      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды, оларға материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      4) өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесін ұсынады;

      6) ведомстволық бағыныстағы ұйымның басшысымен кеңестер өткізеді;

      7) “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзерлеуді қамтамасыз етеді;

      8) “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің перспективті және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауапты болады;

      10) азаматтардың жеке қабылдауын өткізеді.

      “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      25. “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі қалалық коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      26. “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі мен қаланың жергілікті атқарушы органы арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      27. “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің басшысы мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.

4. “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі”
мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      28. “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ жеке қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірісті қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      29. “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

5. “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік
мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

      31. “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      32. “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі қысқартылған (таратылған) кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік коммуналдық меншікте қалады.

6. “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік
мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      Ақсу қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығында “Ақсу қаласының ветеринарлық станциясы” коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады