Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 27.09.2018 № 655/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы “Мемлекеттік мүлік туралы” Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы “Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы” № 410 Жарлығына сәйкес Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің қадағалайтын орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Қ. Нүкенов |
Ақсу қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 538/7 қаулысымен бекітілді |
"Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесі, заңнамамен көзделген құзыреттілік шегінде қызметті жүзеге асыратын, Ақсу өңірінің аумағында кәсіпкерлікті және туризмді дамыту саласындағы басым бағыттарды іске асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық үлгісіндегі заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өзінің атынан түседі.
6. “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынас тарапы болуға құқығы бар.
7. “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселесі бойынша заңда белгіленген тәртіпте “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да актілермен ресімделген шешімдерді қабылдайды.
8. “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140100, Ақсу қаласы, Пушкина көшесі, 42.
10. “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
11. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы: “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде: государственное учреждение “Отдел предпринимательства и туризма города Аксу”;
12. “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімдігі тұлғасында мемлекет болып табылады.
13. Осы Ереже “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылтайшылық құжаты болып табылады.
14. “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен (шығындар сметалары), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бюджетінен жүзеге асырылады.
15. “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің қызметі болып табылатын міндеттерді орындауда келісімшарт қатынастарына енуге рұқсат етілмейді.
Егер де “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні,
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Ақсу өңірінің аумағында шағын және орта кәсіпкерлікті және туризмді қолдау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
17. “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мақсаты кәсіпкерлік және туризм саласындағы мемлекеттің саясатты іске асыру болып табылады.
18. “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні кәсіпкерлік және туризмнің дамуына қолдау көрсету және үйлестіру болып табылады.
19. Міндеттері:
1) ең төменгі тұтыну тебетіне енетін негізгі азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) шағын кәсіпкерлік үшін кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру және дамыту.
3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік қызмет саласында мемлекетітік саясатты және үйлестіруді жүзеге асырады.
20. Функциялары:
1) кәсіпкерлікті дамытуды болжамдау және талдауды жүзеге асыру;
2) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатын iске асырылуын жүзеге асырады;
3) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасайды;
4) шағын және орта кәсiпкерлiктi және инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымының объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз етедi;
5) жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің бiрлестiктерiмен, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды;
6) сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастырады;
7) жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жергілікті деңгейде қамтамасыз етеді;
8) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
9) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
10) басым салалар бойынша қаржыландыру және несиелендіру жобалары мәселесі бойынша банктер мен қаржылық ұйымдардың өзара қарым-қатынасын жүзеге асыру;
11) бұқаралық ақпарат құралдарында кәсіпкерлік мәселелерін жариялауды ұйымдастыру;
12) шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша форумдар, мәжілістер және семинарларды өткізуге және ұйымдастыруға қатысу;
13) “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесі құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдардан және азаматтардан қажетті ақпаратты сұрату және алу;
14) форумдар, жиналыстар, семинарлар, конференциялар мен “дөңгелек үстелдер” өткізу және қатысу үшін ғылыми мекемелер, ұжымдар өкілдерін, ғалымдар мен мамандарды шақыру;
15) қаржыландыру жоспарымен қарастырылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
16) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу мәселесі бойынша уәкілетті және жоғары тұрғын органмен өзара қарым-қатынас;
17) Ақсу өңірінің аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;
18) Ақсу өңірінің аумағында туризмді дамыту туралы мәлімет жинау, талдау және оны Ақсу қаласы әкімдігіне ұсыну;
19) қалалық туристік ресурстарды қорғау бойынша шараларды әзірлеу және енгізу;
20) Ақсу өңірінің аумағында туристік индустрия объектілерінің құрылысы және жоспарлау бойынша қызметті үйлестіреді;
21) балалар мен жасөспірімдер лагерлерінің, туристер бірлестігінің қызметіне және туризмді өздігінен дамытуға ықпал ету;
22) қызметті жүзеге асыратын туристік әлеует, туризм объектілері мен тұлғалар туралы туристік ақпарат ұсынады;
23) Ақсу өңірінің аумағында туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
24) Қазақстан Республикасының “Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы” Кодексінде қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды;
25) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған уәкілеттік шегінде, басқа да қызметтерді жүзеге асыру.
21. Құқықтары мен міндеттері:
1) Мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелері жөнінде қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
2) “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелері жөнінде қала әкімдігі және қала әкімінің нормативтік-құқықтық және құқықтық актілері жобаларын әзірлеуге;
3) мемлекеттік органдарда, сотта “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіруге;
4) өз құзыреті шегінде келісім шарттар, келісімдер жасасуға құқығы бар;
5) “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекеме осы Ережемен көзделген өкілеттіктерді іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға міндетті;
6) азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтауға және қорғауды қамтамасыз етуге, азаматтардың өтініштерін белгіленген тәртіпте және мерзімде қарастыруға, олар бойынша қажетті шаралар қолдануға;
7) “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесіне берілген құқықтары шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыруға;
8) мемлекеттік меншіктің сақталуын, сеніп берілген мемлекеттік меншікті қызметтік мақсаттарға ғана пайдалануды қамтамасыз етуге;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру және өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
3. "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
22. “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесіне басшылықты “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
23. “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ақсу қаласының әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
24. “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің өкілеттіктерін және міндеттерін белгілейді;
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды, оларға материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
4) бөлімнің іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік жоғарғы оқу орындарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың басқа да түрлері бойынша “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесінің тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
5) өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесін ұсынады;
7) “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
8) “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесінің перспективті және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
9) шарт жасайды;
10) сенімхат береді;
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауапты болады;
12) азаматтардың жеке қабылдауын жүргізеді;
13) оған Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы ережемен және жергілікті атқарушы органмен жүктелген басқа міндеттерді жүзеге асырады;
“Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін атқаруды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
25. “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесі қалалық коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
26. “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесі және қаланың жергілікті атқарушы органы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
27. “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесінің басшысы мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.
4. "Ақсу қаласы кәсіпкерлік және туризм
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
28. “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесі заңнамамен қарастырылған жағдайларда жедел басқару құқығында жекеленген мүлікі болуы мүмкін.
“Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесімен табысталған мүлік, сондай-ақ жеке қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірісті қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
29. “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесімен бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.
30. Егер де заңнамада өзгеше көзделмесе, “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де әдіспен иелік етуге құқығы жоқ.
5. "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі"
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
31. “Ақсу қаласының кәсіпкерлік бөлімі және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
32. “Ақсу қаласының кәсіпкерлік бөлімі және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесі таратылған кезде несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік коммуналдық меншікте қалады.
6. "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі"
мемлекеттік мекеменің шаруашылық жүргізуіндегі ұйымдар тізімі
33. “Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” мемлекеттік мекемесінің иелігінде ұйымдар жоқ.