"Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 688/8 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 қыркүйекте № 4714 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 655/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 27.09.2018 № 655/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы “Мемлекеттік мүлік туралы” Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы “Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы” № 410 Жарлығына сәйкес, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің қадағалайтын орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Қ. Нүкенов

  Ақсу қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 24 тамыздағы
№ 688/8 қаулысымен
бекітілді

“Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау
бөлімі” мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесі қалалық бюджеттен қаржыландырылатын, заңнамамен көзделген экономикалық және бюджеттік жоспарлау, экономикалық саясат саласындағы мемлекеттің басым бағыттарын Ақсу қаласының аумағында іске асыруды құзырет шегінде жүзеге асыратын, атқарушы орган болып табылады.

      2. “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанда заңды тұлға болып табылады, өзінің мемлекеттік тілде атауы бар мөрі мен мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкісі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органда есеп-шоты бар.

      5. “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесі жеке өзінің атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға шығады.

      6. “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесінің, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынын азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140100, Ақсу қаласы, Астана көшесі, 52.

      10. “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма, жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

      11. Мемлекеттік органның толық атауы: мемлекеттік тілде – “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде – государственное учреждение “Отдел экономики и бюджетного планирования города Аксу”.

      12. “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Павлодар облысының Ақсу қаласы әкімдігі тұлғасындағы мемлекет болып табылады.

      13. Осы Ереже “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қарым-қатынастарға жасауға тыйым салынады.

      Егер “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі”
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні,
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесінің миссиясы Ақсу өңірін әлеуметтік-экономикалық дамыту саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және оның аумағында бірыңғай қаржылық саясатын жүргізу.

      17. “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мақсаттары:

      1) Ақсу қаласының міндеттерін және әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдық бағыттарын қалыптастыру;

      2) өңір экономикасының негізгі салаларын тұрақты дамытуға қол жеткізу болып табылады.

      18. “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні экономиканың нақты секторын, өндірістік инфрақұрылымды және инновацияны дамытуды талдау және болжау.

      19. Міндеттері:

      1) Ақсу қаласының аумағында бірыңғай мемлекеттік қаржылық саясатты өткізу;

      2) бюджеттік бағдарламаланған әдістерін енгізу, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалаумен қала бюджетін қалыптастыру үдерісін жетілдіру болып табылады.

      20. Функциялары:

      1) өңірде әлеуметтік-экономикалық жағдайға талдау жүргізу;

      2) Ақсу қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған өңірлік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;

      3) басымдықтарды қалыптастыру және Ақсу қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары бойынша баяндамалар әзірлеу;

      4) Ақсу қаласының әлеуметтік-экономикалық паспортын әзірлеу;

      5) Ақсу қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының рейтингтік бағалау көрсеткіштерінің мониторингісін жүргізу;

      6) әлеуметтік-экономикалық және индустриалды-инновациялық дамыту деңгейі және серпіні бойынша Ақсу қаласының рейтингтік бағасын қалыптастыру үшін ақпарат әзірлеу;

      7) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігіне жалпы бағалау жүргізу;

      8) жоспарлы кезеңге қалалық бюджеттің жобасын әзірлеу және тиісті қаржы жылына қалалық бюджетті нақтылау, түзету бойынша ұсыныстар енгізу;

      9) бюджет мәселелері бойынша қалалық мәслихат сессиясының шешімдерін іске асыру туралы Ақсу қаласы әкімдігінің қаулыларының жобаларын әзірлейді;

      10) қысқа мерзімді және ортамерзімдік болашаққа арналған қала бюджетінің кірістері бойынша ұсыныстар әзірлейді;

      11) қалалық бюджетке төлемдердің түсіміне талдау жасайды;

      12) комиссия қарауына кезекті енгізумен бюджеттік кредит және көтерме жәрдемақы түрінде ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуға құжаттарды қабылдау жүргізеді;

      13) ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала мамандарына көтерме жәрдемақы төлеуді және бюджеттік кредит беруді жүзеге асырады;

      14) Ақсу қаласының инвестициялық жобаларын мониторингілеу және талдау;

      15) мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспарына әзірлейді және бекітеді;

      16) қаржыландыру жоспарымен қарастырылған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік сатып алуларын жүзеге асырады;

      17) бухгалтерлік есеп жүргізеді, қаржыландыру жоспарын орындау үдерісінде туындаған есептеулерді өндіреді;

      18) келісім шартында мамандармен қабылданған әлеуметтік қолдау шараларының орындалуына талдау жүргізеді;

      19) Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” Заңына сәйкес халыққа қызмет көрсету;

      20) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген құзырет шегіндегі өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      21. Оған жүктелген міндеттерді іске асыру үшін “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) Ақсу қаланың мемлекеттік органдарынан, басқа да ұйымдардан және азаматтардан “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

      2) нормативтік құқықтық және “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қала әкімдігінің және әкімнің құқықтық актілерінің жобасын әзірлеуге, оларды Ақсу қала әкімдігінің және әкімнің қарауына ұсынуға;

      3) мемлекеттік органдарда, соттарда “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мүддесін ұсынуға;

      4) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасауға құқылы.

      “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесі осы Ережеде қарастырылған өкілеттіктерді іске асыру үшін:

      1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;

      2) азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін сақтау және қорғауды қамтамасыз етуге, азаматтардың өтініштерін заңнамамен белгіленген тәртіпте және мерзімде қарастыруға, олар бойынша қажетті шаралар қолдануға;

      3) лауазымдық міндеттерге сәйкес құқықтарды “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесіне ұсынылған шегінде өкілетті жүзеге асыруға;

      4) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, мемлекеттік басқаруындағы меншікті тек қызметтік мақсатта пайдалануға;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтарды және өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.

3. “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі”
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесіне асшылықты “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің қызметтерінің жүзеге асырылуына жеке жауапты болатың бірінші басшымен жүзеге асырылады.

      23. “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ақсу қаласы әкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      24. “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің өкілеттіктері мен міндеттерін анықтайды;

      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін мадақтау, материалдық көмек көрсету және оларға салынған тәртіптік жазаларды жүзеге асырады;

      4) “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлерімен орындау үшін міндетті, оның құзырына енетін мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқамалар береді;

      5) “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес меншік нысанынан тәуелсіз барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда ұсынылады;

      6) “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесінің болашақ және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      7) шарттар жасайды;

      8) сенімхаттар береді;

      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және бұл үшін қызметтік жауапкершілікке тартылады;

      10) азаматтардың жеке қабылдауын жүзеге асырады;

      11) оған Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы қағидамен және жергілікті атқарушы органдармен оған жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

      “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға адам жүзеге асырады.

      25. “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесі және қаланың жергілікті атқарушы органдары арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      26. “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесінің басшысы және еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес анықталады.

4. “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау
бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      27. “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

      “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      28. “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      29. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі”
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

      30. “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      31. “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесін таратқан кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудан кейінгі қалған мүліктер коммуналдық меншікте қалады.

6. “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі”
мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізуіндегі ұйымдардың тізбесі

      32. “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесінің иелігінде ұйымдар жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады