"Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 265/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 07 сәуірде № 4408 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2018 жылғы 6 тамыздағы № 741 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 06.08.2018 № 741 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

      осы қаулының ресми жариялануын заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі А. Вербняк

  Екібастұз қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "12" наурыздағы
№ 265/3 қаулысымен
бекітілген

"Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі Екібастұз қаласының аумағында ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141200, Екібастұз қаласы, Мұхтар Әуезов көшесі, 47 "А".

      10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:

      мемлекеттік тілде: "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел внутренней политики акимата города Экибастуза".

      11. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасымен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

      "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте белгіленеді: бес күндік жұмыс аптасында сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.

      12. Мемлекет Екібастұз қаласының әкімдігі тұлғасында "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

      13. Осы Ереже "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергiлiктi бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.

      15. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні,
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: қалалық деңгейде Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын алға бастыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру, Екібастұз қаласында қоғамдық-саяси ахуалды мониторингілеу, талдау мен болжау жүйесін, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін мемлекеттік саясаттың барлық аспектілері бойынша ұйымдастыру, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамды біріктіру, қазақстандық патриотизмді насихаттау мен тәрбиелеу үшін қажетті жағдайлар жасау.

      17. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты ішкі саяси үдерістерді мемлекеттік реттеуге қатысу, Екібастұз қаласының мемлекеттік органдарымен ішкі саясат саласында өзара іс-қимыл жасау, қаладағы қоғамдық-саяси ахуалдың, саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметін мониторингілеуді, талдауды және болжауды ұйымдастыру, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлеу және жұмысты ұйымдастыру болып табылады.

      18. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні ішкі саяси үдерістерді реттеуге және ішкі саясат саласында мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.

      19. Міндеттері:

      1) мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру жөніндегі қалалық, облыстық бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыру бойынша Екібастұз қаласы мемлекеттік органдарының қызметтерін үйлестіру;

      2) жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы іске асыру, оны жүргізу үшін мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметтерін үйлестіру;

      3) қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясының негізгі басымдықтарын түсіндіру және насихаттау;

      4) қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылда болу.

      20. Функциялары:

      1) қаладағы қоғамдық-саяси жағдайға мониторингті, талдау мен болжамды ұйымдастырады;

      2) қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғам өкілдерімен байланыс пен өзара іс-қимыл орнатады;

      3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы материалдарға, жарияланымдарға, бағдарламаларға, қоғамдық-саяси жағдай тақырыбы бойынша және атқарушы органдар жұмысы туралы басылымдарға талдау жүргізеді;

      4) қала әкімдігінің тиісті бөлімдері үшін консультациялар мен семинарлар өткізеді және әдістемелік материалдар, ұсынымдар даярлауды ұйымдастырады;

      5) "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімінің, қала әкімінің актілерін орындау бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      6) жастар саясаты саласындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуді және өңірлік бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз етеді;

      7) қала әкімі мен әкімдігінің Екібастұз қаласының халқымен және жұртшылығымен ақпараттық байланысын қамтамасыз етеді;

      8) бұқаралық ақпарат құралдарына шолу мен мониторинг жүргізеді;

      9) жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізудің техникалық қамсыздандырылуын ұйымдастырады;

      10) жергілікті деңгейде "Қазақстан – 2050" Стратегиясын насихаттау бойынша тәжірибелік және ғылыми-әдістемелік іс-шараларды ұйымдастырады;

      11) Екібастұз қаласындағы діни жағдайды зерделеп, талдау жүргізеді. Азаматтардың дін ұстану еркіндігіне құқығын қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі уәкілетті органдарға ұсыныстар енгізеді;

      12) миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік азаматтарды есептік тіркеуін жүргізеді;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізеді;

      14) өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген басқа да функцияларды атқарады.

      21. Құқықтары мен міндеттері:

      1) "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді орындау үшін барлық меншік нысанындағы шаруашылық субъектілерінен (келісім бойынша), сондай-ақ қалалық басқармалар мен бөлімдерден ақпараттар, нормативтік және анықтамалық құжаттамаларды сұрату және алу;

      2) "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар шақыру;

      3) семинарларда, курстарда және оқытудың басқа да түрлерінде "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің үнемі біліктіліктерін арттыру;

      4) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарастыру;

      5) мемлекеттік органдарда, соттарда "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін ұсыну;

      6) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасау;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өкілеттіліктерін орындау үшін қаланың басқа да атқарушы органдарымен, ұйымдарымен және мекемелерімен өзара іс-қимылда болады.

3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      23. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Екібастұз қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      24. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) өз қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

      2) заңнамаға сәйкес қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) заңнамада белгіленген тәртіпте қызметкерлерге тәртіптік жаза салады;

      4) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;

      5) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесін ұсынады;

      6) "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмысты ұйымдастырады және дербес жауапты болады;

      7) "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесімен төлем өткізу, соның ішінде ақша алушылардың тиісті шоттарына төлемдер өткізу бойынша қазынашылық органдармен тоқсан сайын салыстырып тексеруді қамсыздандырады;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      25. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымының арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және ұжымдық шартпен реттеледі.

      26. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен Екібастұз қаласының әкімдігі арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі;

      27. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саласындағы уәкілетті органының арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

4. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      28. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған құрылтайшы берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      29. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      30. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі"
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      31. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы
мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      "Екібастұз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің "Жастар бастамаларын дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      "Екібастұз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің "Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады