"Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 547/6 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 маусымда № 4531 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 54/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 23.01.2018 № 54/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

      осы қаулының ресми жариялануын заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі А. Вербняк

  Екібастұз қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "15" мамырдағы
№ 547/6 қаулысымен
бекітілген

"Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Екібастұз қаласында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
      2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141202, Екібастұз қаласы, Масығұт Дүйсенбаев көшесі, 34-үй.
      10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:
      мемлекеттік тілде: "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел архитектуры и градостроительства акимата города Экибастуза".
      11. "Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң сәулет және қала құрылысы бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
      "Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң сәулет және қала құрылысы бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте белгіленеді: бес күндік жұмыс аптасында сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.
      12. Мемлекет Екібастұз қаласының әкімдігі тұлғасында "Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң сәулет және қала құрылысы бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
      13. Осы Ереже "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      14. "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      15. "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      16. "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Екібастұз қаласының аумағында мемлекеттік сәулет және қала құрылысы саясатын іске асыру.
      17. "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты адамның мекендейтін және тіршілік ететін толымды ортасын қалыптастыру, елді мекендерді тұрақты дамыту болып табылады.
      18. "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi заңнамалары нормаларының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында аумақтық бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасау болып табылады.
      19. Міндеттері:
      1) сәулет және қала құрылысы қызметі субъектілерінің заңнама нормаларын сақтауы, қаланың және ауылдық елді мекендердің тұрақты дамуы;
      2) сәулет және қала құрылысы қызметі субъектілерінің қолданыстағы заңнамамен белгіленген талаптарды сақтауы;
      3) сәулет және қала құрылысы қызметін жүзеге асырған кезде мекендейтін және тіршілік ететін қолайлы ортаны, Екібастұз қаласының тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
      20. Функциялары:
      1) қаланың заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарын, заңнамада белгіленген тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
      2) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңымен көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру;
      3) "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының аумақтық бөлімшелерімен өзара іс – қимыл;
      4) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының базалық деңгейін жүргізу;
      5) Қазақстан Республикасының Жер кодексімен көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру;
      6) Екібастұз қаласы аумағының құрылыс салу ережелерін әзірлеу;
      7) қала құрылысы жобаларын, қаланың және елді мекеннің егжей-тегжейлі жоспарлау, құрылыс салу жобаларын әзірлеу мен іске асыруды ұйымдастыру;
      8) тұрғындарды аумақта жоспарланған құрылыс салу немесе басқа да қала құрылысы өзгерістері туралы хабардар ету;
      9) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен жүргізу;
      10) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
      11) пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) заңнамамен белгіленген тәртіпте қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру;
      12) мемлекеттік органның функцияларымен байланысты істер бойынша талап арыз беру және соттарда өздігінен немесе өкіл арқылы сөз сөйлеу;
      13) азаматтардың, қала ұйымдарының, кәсіпорындары мен мекемелерінің құрылыс, қолданыстағы объектілерді қайта жаңарту мәселелері жөніндегі арыздары мен өтініштерін қабылдауды жүзеге асыру және олардың қаралуына бақылауды қамтамасыз ету;
      14) заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызмет ұсыну;
      15) заңнамамен көзделген өкілеттіктер шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      21. Құқықтары мен міндеттері:
      1) лауазымдық міндеттерін орындау үшін белгеленген тәртіпте қажетті ақпараттар мен материалдар алу;
      2) мемлекеттік органның құзырына жататын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
      3) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
      4) мемлекеттік органдардың, мұрағаттар мен ғылыми кітапханалардың деректор қорын пайдалану;
      5) сәулет және қала құрылысы мәселелері бойынша нормативтік және құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, оларды әкімдік пен қала әкімінің қарауына ұсыну.

3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      23. "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Екібастұз қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      24. "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;
      2) "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      3) заңнамаға сәйкес "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
      4) заңнамамен білгіленген тәртіпте "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін мадақтайды және тәртіптік жаза қолданады;
      5) "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      6) "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға ұсынады;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырады және дербес жауап береді;
      8) "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің төлемдер өткізуі, соның ішінде ақша алушылардың тиісті шоттарына төлемдер өткізуі бойынша қазынашылық органдармен тоқсан сайын салыстырып тексеруді қамтамасыз етеді;
      9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілдіктерді жүзеге асырады.
      "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      25. "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымының арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және ұжымдық шартпен реттеледі.
      26. "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен Екібастұз қаласының әкімдігі арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
      27. "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саласындағы уәкілетті органының арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

4. "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің мүлкі

      28. "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      29. "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі"
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      31. "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады