Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 23.01.2018 № 54/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
осы қаулының ресми жариялануын заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының әкімі | А. Вербняк |
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы "24" шілдедегі № 860/8 қаулысымен бекітілген |
"Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Екібастұз қаласының аумағында мәдениет және тілдерді дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141206, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 46.
10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:
мемлекеттік тілде: "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел культуры и развития языков акимата города Экибастуза".
11. "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
"Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі мынадай тәртіппен бекітіледі: бес күндік жұмыс аптасында сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
12. Мемлекет Екібастұз қаласының әкімдігі тұлғасында "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
13. Осы Ереже "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
14. "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
15. "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты,
қызметінің мәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: мәдениетті жасау, қайта түлету, сақтау, дамыту, тарату және тілдерді дамыту, мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқару мен үйлестіруді қамтамасыз ету.
17. "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты мәдениет және тілдерді дамыту саласында сапалы және қолжетімді қызметті ұсыну болып табылады.
18. "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні жергілікті деңгейде қазақтың ұлттық мәдениетін және басқа да ұлттық мәдениетті қайта түлету, сақтау, дамыту және тарату мәселелері бойынша мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
19. Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шаралар қабылдау;
2) мәдениетті және тілдерді дамыту мәселелерінде мемлекеттік мекемелердің, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қызметін үйлестіру;
3) тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану туралы заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету;
4) бюджеттік қаражатты шығындауды оңтайландыру мақсатында қалалық мерекелерді өткізу үшін конкурстар ұйымдастыру;
5) мәдениет және тілдерді дамыту мәселелері бойынша конкурстар, семинарлар, пікіралысулар, "дөңгелек үстелдер" ұйымдастыру;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
20. Функциялары:
1) қала әкімдігі мен әкіміне, сондай-ақ басқа да жоғары тұрған ұйымдарға өз қызметінің нәтижесі бойынша талдаулық материалдар мен шолулар дайындау;
2) қала мен ауылдық аймақта мәдениет және тілдерді дамытуға арнайы бағдарламаларды әзірлейді, үйлестіреді;
3) тұрмыста салт-дәстүрлерді, мерекелерді, әдет-ғұрыптарды енгізуге, шығармашылық кәсіпті дамытуға ықпалдасады;
4) мәдениет мекемелерінде жоспарлы-қаржылық жұмыстарды ұйымдастырады;
5) мәдениет және мемлекеттік тілді енгізу бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына және әдебиеттерге талдау жасайды;
6) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, есепке алу, қорғау бойынша жұмыстар жүргізеді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкілеттіктер шегінде өзге де функцияларды іске асыру.
21. Құқықтары мен міндеттері:
1) жүктелген міндеттерді орындау үшін барлық меншік нысанындағы шаруашылық субъектілерінен (келісім бойынша) ақпарат сұратуға және алуға;
2) мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органдарға шешілуі облыстық деңгейде қамтамасыз етілетін міндеттермен байланысты ұсыныстар енгізуге;
3) социологиялық зерттеулер, болжаулар жүргізу бойынша ұсынымдар және басқа да материалдар әзірлеуге қатысу үшін қажет болған жағдайда өз құзыреті шегінде ғылыми жұмыскерлер мен мамандарды тартуға;
4) мәдениет және тіл саясаты мәселелері бойынша белгіленген тәртіпте семинарлар, кеңестер өткізуге;
5) семинарларда, курстарда және басқа да оқыту түрлерінде "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің біліктілігін тұрақты түрде арттыруға;
6) қаланың және облыстың өкілді және атқарушы органдарында "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін ұсынуға;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы қызметкерлердің мүдделерін қорғау;
8) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарастыруға;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
"Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өкілеттіктерді орындау үшін қаланың басқа да атқарушы органдарымен, ұйымдарымен және мекемелерімен іс–қимылда болады.
"Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне осы ережеде бекітілген оның қызметінің мәні мен мақсаттарына жауап бермейтін қызметті жүзеге асыруына, сондай-ақ мәмілелер жасауына жол берілмейді.
3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
22. "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
23. "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын заңнамаға сәйкес Екібастұз қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
24. "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) қызметкерлерінің міндеттері мен құзыретін белгілейді;
2) белгіленген заңнама тәртібінде, қызметкерлерді ынталандырады және тәртіптік жаза қолданады;
3) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
4) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесін ұсынады;
5) "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қолдануда дербес жауапты болады;
6) "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің төлемдерді өткізуі бойынша, соның ішінде ақша алушылардың тиісті шоттарына қазынашылық органдармен тоқсан сайын салыстырып тексеруді қамтамасыз етеді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
25. "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және ұжымдық шартпен реттеледі.
26. "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен Екібастұз қаласының әкімдігі арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
27. "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саладағы уәкілетті орган арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
4. "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
28. "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
"Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
29. "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
30. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі"
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
31. "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
"Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы
мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі
1) "Екібастұз қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Атамұра" мәдениет орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
2) "Екібастұз қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Өнер" қалалық мәдениет орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
3) "Екібастұз қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Достық үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
4) "Екібастұз қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Досуг" орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
"Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы
мемлекеттік мекемелердің тізбесі
"Екібастұз қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.