"Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 95 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 мамырда № 4465 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 20.06.2017 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.

      2. "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамамен белгіленген тәртіпте Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына міндеттелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Батырғұжинов

  Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "22" сәуірдегі
№ 95 қаулысымен
бекітілді

"Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Ақтоғай ауданының коммуналдық меншікті басқару саласындағы функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140200, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 75.

      10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы - "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, государственное учреждение "Отдел финансов Актогайского района".

      11. "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидалармен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

      "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте құрылады: сағат 9.00-18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00–14.30-ға дейін, аптасына бес жұмыс күн, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.

      12. Мемлекет Ақтоғай ауданының әкімдігі тұлғасында "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

      13. Осы Ереже "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары
мен міндеттері

      16. "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету және Ақтоғай ауданының коммуналдық меншікті тиімді басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

      17. "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты аудан бюджетінің уақытылы атқарылуын қамтамасыз ету және коммуналдық меншік объектілерін қолдану жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.

      18. "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні аудан деңгейінде бюджетті атқару және коммуналдық меншікті тиімді басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.

      19. Негізгі міндеттері:

      1) Ақтоғай ауданы әкімдігі атқарушы органдарының қызметін үйлестіру жолымен мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық және қаржы саясатты іске асыру;

      2) аудан бюджетінің атқарылуы, аудан бюджетінің атқарылуы бойынша бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу;

      3) мемлекеттік сатып алулар бойынша мониторинг жүргізу;

      4) коммуналдық меншікті есептеу және қолдану тиімділігін арттыру;

      5) материалдық-техникалық базаны дамыту және нығайту.

      20. Функциялары:

      1) ауданның түсімдер бойынша бюджеттің атқарылуын жүзеге асырады;

      2) ауданның сратегиялық жоспарларын әзірлеу және жүзеге асыру бойынша атқарушы органдардың қызметінің үйлестірілуін жүзеге асырады;

      3) аудан бюджетінің атқарылуы бойынша бюджеттік есеп және есеп беру жүргізеді;

      4) бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіреді;

      5) аудандық бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді, оның атқарылуы туралы есепті дайындайды;

      6) ауданның мемлекеттік мекемелерімен ақшалай қаражатты қолдану тиімділігін арттыру бойынша шараларды жүзеге асырады;

      7) жергілікті бюджетті атқару үрдісін жетілдіреді, бюджеттік бағдарламалау тәсілін, бюджеттік бағдарламаларды бағалау тиімділігін енгізеді;

      8) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, жергілікті бюджеттің түсімдер мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды, бекітеді және жүргізеді;

      9) аудан бюджетінің атқарылуына әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады;

      10) аудандық бюджет қаражаттарының пайдаланылуына талдау жүргізеді;

      11) бюджеттік мониторингті жүзеге асырады;

      12) аудан әкімдігінің резервтегі қаражаттарының пайдаланылуына талдау және есеп жүргізеді;

      13) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамасын қолдану бойынша ауданы әкімдігі атқарушы органдарының қызметін үйлестіреді;

      14) "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты мәселелер бойынша аудан әкіміне және аудан әкімдігінің отырыстарына материалдар дайындайды;

      15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджетке түсімдердің уақытылы және толық есепке алуын қамтамасыз ету бойынша кешенді іс-шараларды өткізеді;

      16) өз құзыреті шегінде коммуналдық мүлікті басқару саласында құқықтық актілердің жобаларын белгіленген тәртіпте әзірлейді;

      17) Қазақстан Республикасының Үкіметімен айқындалатын тәртіпте мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізеді және мемлекеттік мүлік тізілімін пайдаланушыларға ақпарат ұсынады;

      18) аудандық комуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асырады;

      19) жекешелендіруге жататын, аудандық комуналдық меншіктегі объектілердің тізімдерін бекіту жөніндегі аудан әкімдігі актілерінің жобаларын әзірлейді;

      20) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурстарды өткізеді;

      21) аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалға (жалдауға), сенімгерлік басқаруға береді;

      22) аудандық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, мүліктік жалға (жалдауға), өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдердің жобаларын әзірлейді;

      23) мемлекеттік мүлікті бір түрінен екінші түріне беру бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      24) аудандық коммуналдық мүліктің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;

      25) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітеді;

      26) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады;

      27) сенімгерлік басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;

      28) аудандық коммуналдық мүліктің есебін ұйымдастырады, оны тиімді қолдануын қамтамасыз етеді;

      29) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      30) аудан әкімдігінің акциясына тиесілі дивиденттердің толық және уақытылы төленуін, сонымен қатар жауапкершілігі шектеулі серіктестері арасында аудан әкімдігінің жарғылық капитал үлес бөлігін реттеуге бақылауды жүзеге асырады;

      31) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік құжаттарын қарауды қамтамасыз етеді;

      32) мемлекеттік тілдің жаппай қолдануына бағытталған шараларды қабылдайды, оның халықаралық беделін бекітеді;

      33) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      21. Құқықтары мен міндеттері:

      1) аудан әкімдігі, әкімі және жоғары сатыдағы ұйымдардың қарастыруына Ақтоғай ауданының комуналдық меншікті тиімді басқаруына және бюджетті атқаруды қамтамасыз ету саласындағы дамудың негізгі бағыттары, мәселелерді жедел шешу жөніндегі ұсыныстарды енгізу;

      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және өзге де ұйымдарынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрау және алу;

      3) "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелері бойынша мәжілістерді өткізу;

      4) аудан бюджетінің қаражатын тиімді пайдалануға бақылау жүргізу;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өкілеттіліктерін орындау үшін ауданның өзге де атқарушы органдарымен, ұйымдармен және кәсіпорындармен өзара әрекеттеседі.

3. "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
қызметін ұйымдастыру

      22. "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

      23. "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімімен қызметіне тағайындалады және қызметінен босатылады.

      24. "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.

      25. "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлерінің орындауы үшін өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      4) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      5) қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      7) "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      8) барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шараларды қолданады және осы үшін дербес жауапты болады;

      10) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасады;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

      "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      26. "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен еңбек ұжымының арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.

      27. "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саласындағы уәкілетті органының арасындағы қарым-қатынастар қолданыстағы заңнамамен реттеледі.

4. "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      28. "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшаулаған мүлкі болу мүмкін.

      29. "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлкі және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.

      30. "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      31. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілімен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемені
қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

      32. "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      33. "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеменің таратылған кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады