Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіппен:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыдан туындайтын өзге де тиісті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | К. Абушахманов |
Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "18" маусымдағы № 216/6 қаулысымен бекітілген |
"Железин ауданының ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
9. "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңды тұлғасының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140400, Железин ауданы, Железинка ауылы, Чкалов көшесі, 21.
10. "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
11. "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел ветеринарии Железинского района".
12. Мемлекет Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің тұлғасында "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
13. Осы Ереже "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
14. "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру аудандық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
15. "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Железин ауданының ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттелері
16. "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы – Железин ауданының аумағында эпизоотикалық салауттылықты қамтамасыз ету бойынша ветеринария саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және үйлестіру.17. "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметтегі мақсаты ветеринария саласында мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
18. "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні ветеринария саласында мемлекеттік басқару, бақылау және қадағалау функцияларын іске асыру болып табылады.
19. Негізгі міндеттері:
1) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорағау;
2) жануарларларды аурудан қорғау және емдеу;
3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағынан басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау;
5) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруы кезінде қоршаған ортаны ластаудан алдын алу және оны жою.
20. Функциялары:
1) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
2) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
3) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
4) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
5) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
6) мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринарлық-санитарлық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринарлық дәрігерлердің тізімін бекіту;
7) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
8) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттелуін жүргізу;
9) эпизоотологиялық зерттеу актісін беру;
10) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнама талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылауды және қадағалауды:
ішкі сауда объектілерінде;
жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринарлық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;
экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
11) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
12) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
13) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;
14) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерек қорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
15) ауыл шаруашылығы жануарларын жеке нөмірлеріне қажеттілікті айқындау және облыстың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;
16) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау,талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;
17) облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
18) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
19) облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
20) ауру жануарларға санитариялық союды ұйымдастыру;
21) Қазақстан Республикасының "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
22) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді;
23) уәкілетті органмен келісім бойынша Павлодар ауданының аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринарлық іс-шаралар жоспарын бекіту;
24) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқыларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету.
21. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың келісімі бойынша белгіленген тәртіпте "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындаумен байланысты мәселелер бойынша ақпаратты сұрату және алу;
2) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша жұмысқа тарту;
3) "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін мемлекеттік органдарда, сотта өкілдік ету;
4) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасау;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. "Железин ауданының ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
22. "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.23. "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
24. "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады, материалдық көмек көрсету тәртібін жүзеге асырады;
4) "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлері орындауға міндетті және оның құзыретіне енетін мәселелер бойынша тапсырмалар береді және бұйрықтар шығарады;
5) барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесін білдіреді;
6) "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне енетін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, басқа да мекемелерде бөлімнің мүдделерін ұсыну үшін сенімхаттар береді;
7) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;
8) "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің перспективалық және ағымдық жұмыс жоспарын бекітеді;
9) жемқорлыққа қарсы қызмет етеді және бұл үшін дербес жауап береді;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ведомствоға қарасты ветеринария ұйымының басшысын лауазымға қабылдайды және лауазымнан босатады;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ведомствоға қарасты ұйымның басшысын көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану тәртібін жүзеге асырады;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құзыреттерді орындайды.
"Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
25. "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі және коммуналдық мүлікті басқару бойынша уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
26. "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және ұжымдық шартпен айқындалады.
27. "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі және тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
4. "Железин ауданының ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі
28. "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін."Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сонымен қатар өз қызметінің және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен алынған мүлік (ақшалай кірісті қосқанда) қалыптастырылады.
29. "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі, "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
30. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне белгіленген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін
қайта ұйымдастыру және тарату (қысқарту)
31. "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.32. "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қысқарту кезінде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік коммуналдық меншікте қалады.