Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 4-тармағы 8-1) тармақшасына сәйкес Качир ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Качир ауданында 2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж. Шұғаев |
Качир ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "13" шілдедегі № 184/6 қаулысына қосымша |
Качир ауданында 2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие
мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына
шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 14.10.2015 N 259/9 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.№ | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мекемелерінің атаулары | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мекемелерінің тәрбиеленушілер саны | Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны | Мектепке дейінгі мекемелерде айына жан басына қаржыландырудың мөлшері, теңге | Мектепке дейінгі мекемелерде ата-ананың айына ақы төлеу мөлшері, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Качир ауданы әкімдігінің, Качир ауданы білім бөлімінің "Балдаурен" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 142 оның ішінде 47 (республикалық бюджет) 95 (жергілікті бюджет) | 49883 36153 | 42843 29113 | 6 жасқа дейін – 7040 6 жасқа дейін – 7040 |
2 | "Качир ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімнің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Тереңкөл ауылындағы "Ақ бота" балабақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны | 151 (жергілікті бюджет) | 26606 | 19566 | 6 жасқа дейін – 7040 |
3 | "Качир ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Тереңкөл ауылы "Талбесік" бөбекжайы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны | 90 (республикалық бюджет) | 28062 | 22122 | 6 жасқа дейін – 7040 |
4 | "Песчан ауылдық округі әкімдігінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Песчан ауылындағы "Балдырған" бөбекханасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны | 150 оның ішінде 60 (республикалық бюджет) 90 (жергілікті бюджет) | 44992 41068 | 37649 35132 | 3 жасқа дейін – 5936 3-тен 6 жасқа дейін – 7343 3 жасқа дейін – 5936 3-тен 6 жасқа дейін – 7343 |