"Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 127/6 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 маусымда № 4552 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 1-12/160 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 04.07.2017 № 1-12/160 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       Қоса беріліп отырған "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
       "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қолдансын.
       Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
       Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Жанғазинов

  Павлодар облысы
Лебяжі ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "4" маусымдағы
№ 127/6 қаулысымен
бекітілді

"Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі Лебяжі ауданының ішкі саясат саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      9. "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140700, Лебяжі ауданы, Аққу ауылы, Амангелді көшесі, 67.
      10. "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі - жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.
      11. Мемлекеттік мекеменің толық атауы - "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі, государственное учреждение "Отдел внутренней политики Лебяжинского района".
      12. Мемлекет Лебяжі ауданының әкімдігі тұлғасында "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
      13. Осы Ереже "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      14. "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      15. "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектілерімен "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.

2. "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      16. "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауданда ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін қамтамасыз ету және тұрғындарды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      17. "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты ішкі саяси үрдістерді мемлекеттік реттеуге, ауданның мемлекеттік органдарымен ішкі саясат саласында әрекеттесуге, аудандағы қоғамдық-саяси ахуалды, саяси партиялардың және өзге қоғамдық бірлестіктердің қызметін бақылауға, талдауға, болжауға және ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысу болып табылады.
      18. "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні ішкі саяси үрдістерді реттеуге, мемлекеттік органдармен ішкі саясат саласында әрекеттесуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.
      19. Міндеттері:
      1) ауданның мемлекеттік органдарымен қоғамдық-саяси тұрақтылықты, қоғамдық үрдістердің демократизациялануын және қоғамның бірігуін қамтамасыз ету бойынша әрекеттесу;
      2) қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен өзара әрекеттесу және қолдау;
      3) мемлекеттік саясатты жүргізуге жағдай туғызуға, ауданның мемлекеттік органдарымен мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру бойынша аудандық бағдарламаларды өңдеуге және іске асыруға бағытталған жағдайларды тудыру бойынша шараларды әзірлеу
      4) ауданда болып жатқан қоғамдық-саяси үрдістерді және олардың даму тенденцияларын жан-жақты бақылау, болжау және объективті зерттеу жүйелерін ұйымдастыру;
      5) Лебяжі ауданындағы қоғамдық-саяси жағдайын талдау және мониторингтеу.
      20. Функциялары:
      1) "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімі мен әкімдігінің актілерінің жобаларын әзірлеу;
      2) ауданда 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму Стратегиясының, жыл сайынғы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауларын, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі артықшылықтарын түсіндіру және насихаттауды қамтамасыз етеді;
      3) ауданның жергілікті атқарушы органдарының әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және басқа да салалардағы қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын, аталған бағытта жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстардың әзірленуін ұйымдастырады;
      4) ауданда мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
      5) Лебяжі ауданының аумағында дінге қатысты мемлекеттің саясатын өз кезігімен жүзеге асыру, діни бірлестіктердің қарым-қатынасын реттеу саласындағы заңнаманы жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
      6) ауданның қоғамдық-саяси, діни, жастар, үкіметтік емес бірлестерінің ақпараттық деректер қорын қалыптастыру, жинау, қорыту және жіктеу жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;
      7) саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, этно-мәдени, діни бірлестіктермен, кәсіптік одақтармен өзара әрекеттесуді жүзеге асыру;
      8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдануды насихаттау, әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын жүзеге асырады;
      9) аудандағы отбасы-демографиялық жағдайының мәселелері бойынша жұмысты жүзеге асыру, Қазақстан Республикасында гендерлік және отбасы-демографиялық саясатының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар мен нұсқаулықтарды әзірлеу;
      10) әкімдіктің отырыстарына және аудан әкімі жанындағы мәжілістеріне "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелері бойынша материалдарын, талдамалы жазбахаттарын, әлеуметтік сауалнамалардың нәтижелерін, ауданда болып жатқан әлеуметтік-саяси үдірістер дамуының динамикасы мен тенденциялары туралы ақпаратты дайындау;
      11) ауданда ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға, саяси үрдістерді демократизациялауға бағытталған облыстық және аудандық ғылыми-тәжірибелік конференцияларды дайындау мен өткізуге қатысады;
      12) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғаммен байланысты орнату және үнемі дамыту;
      13) ведомствоға қарасты ұйымдарға әдістемелік көмек көрсетеді;
      14) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша консультативтік-кеңестік органдардың қызметін қамтамасыз етеді;
      15) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырады;
      16) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      21. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың келісімі бойынша белгіленген тәртіпте "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындаумен байланысты мәселелер бойынша ақпаратты сұрату және алу;
      2) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша жұмысқа тарту;
      3) "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін мемлекеттік органдарда, сотта өкілдік ету;
      4) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасау;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      23. "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес Лебяжі ауданының әкімімен қызметіне тағайындалады және қызметінен босатылады.
      24. "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін аудан әкімдігіне бекітуге ұсынады;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін мадақтайды, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
      4) "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің барлығы орындауға міндетті өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      5) барлық мемлекеттік органдарда соттарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;
      6) "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, өзге де мекемелерде бөлім мүдделерін білдіру құқығына сенімхаттарды береді;
      7) ведомствоға бағынысты ұйымдардың басшыларымен кеңестер өткізеді;
      8) өз құзіретінің шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;
      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      25. "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
      26. "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
      27. "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.

4. "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi

      28. "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
      "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырлады.
      29. "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қайта
ұйымдастыру және тарату (қысқарту)

      31. "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      32. "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі қысқартылған (таратылған) кезде, несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншігінде қалады.

"Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      33. "Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағында мынадай ұйымдар бар:
      1) "Лебяжі ауданы әкімдігінің "Аққу үні" - "Вести Акку" Лебяжі аудандық газетінің редакциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      2) Лебяжі ауданы ішкі саясат бөлімінің "ЖАЛЫН" жастар бастамаларын дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады