Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-6), 5-5) тармақшаларына сәйкес тіркеуде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектерін жұмыспен қамту және жұмысқа қабылдауға көмек көрсету мақсатында, Шарбақты ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Жұмыс орындарының үлесін белгілеу:
қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебіне алынған тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін Шарбақты ауданының мекемелерінде меншік құрылымына қарамастан, жұмыс орындарының жалпы санынан екі пайыз көлемінде жұмыс орындары;
бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін Шарбақты ауданының мекемелерінде меншік құрылымына қарамастан, жұмыс орындарының жалпы санынан екі пайыз көлемінде жұмыс орындары;
интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектерін жұмысқа орналастыру үшін Шарбақты ауданының мекемелерінде меншік құрылымына қарамастан, жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз көлемінде жұмыс орындарының үлесі белгіленсін.
"Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебіне алынған тұлғалар, сонымен қатар, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектеріне тиісті жұмыс берушілерге жолдама беру арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік етуші орынбасарына жүктелсін.
Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Асқаров |