"Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 1/127 қаулысы. Алматы қаласының әділет департаментінде 2015 жылғы 2 наурызда № 1142 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 30 қаңтардағы № 1/46 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 30.01.2023 № 1/46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) Алматы қаласы әділет органдарына оның Құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер туралы хабарласын;

      2) осы қаулыны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Б. Қарымсақовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі       А. Есімов

  Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "25" ақпандағы № 1/127 қаулысымен бекітілді

"Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже 1. Жалпы ережелер

      1. "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларына, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      6. "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген аудан әкімінің актілерімен ресімделетін шешімдер және өкімдер қабылдайды.

      7. "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңды мекенжайы: 050036, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алтынсарин даңғылы, 23.

      9. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:

      мемлекеттік тілде: "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Ауэзовского района города Алматы".

      10. Осы Ереже "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазасқстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы - Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімін - ақпараттық-талдау және ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету деп белгіленген.

      14. "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 35, 38-баптарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Жарлығымен белгіленген:

      1) Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметінің актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін аудан аумағында орналасқан кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және азаматтардың орындауына жәрдемдесу;

      2) "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілері және бөлімдері қызметінің тиімділігінбағалау;

      3) аудан әкімі белгілеген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      15. "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің фукциялары "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-2-бабына, "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабына, "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарму деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014жылғы 25 тамыздағы №898 Жарлығына сәйкес айқындалған:

      1) Әуезов ауданының әкімі мен аппаратының қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

      2) аудан аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау;

      3) Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің тапсырмасы бойынша аудан әкімі мен аппаратының мүдделерін сотта қорғау, прокурорлық назар аудару актісін қарау;

      4) мемлекеттік қызметтер көрсету:

      спортшыларға спорттық разрядттар беру: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы;

      біліктілік санаттарын беру: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі;

      азаматтардың хал актілерін тіркеу және туу туралы куәлік беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру.

      5) "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің іс құжаттамаларын ұйымдастыру және жүргізу, оның ішінде құпия, арнайы байланыс бойынша, хат-хабарларды өңдеу, құпиялылық режимін, "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының нысанішілік ережесін нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес қамтамасыз ету;

      6) мемлекеттік органның қызмет бағыты бойынша оның жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру;

      7) іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуді кезең-кезеңмен енгізу;

      8) аудан әкімінде, оның орынбасарларында, аппарат басшысының "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі аппарат басшысындағы кеңестерді ұйымдастыру, кеңес материалдарын, хаттамаларын ресімдеу және тарату;

      9) аудан әкімінің, оның орынбасарларының, "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығының тапсырмалары бойынша аудан әкімі шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлеу, оларды тарату және сақтау;

      10) аудан әкімінің және оның орынбасарларының актілері мен тапсырмаларының, аудан әкімі мәжілістерінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуын бақылау, осы мәселелер бойынша аудан әкіміне мәлімет беру;

      11) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      12)азаматтар мен заңды тұлға өкілдерін қабылауды ұйымдастыру;

      13) салық және бюджетке төленетін өзге де төлемдерді жинауға жәрдемдесу;

      14)өз құзыретінің шегінде әскери міндеттілі және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, сондай-ақ, азаматтық қорғаныс саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамаларының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      15) тарихи және мәдени мұраларды сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      16) жалғыз басты қарттар мен еңбекке қабілетсіз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

      17) қылмыстық-атқару инспекцисының сынақ қызметіндегі есепте тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуге қатысу және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;

      18) әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу;

      19) Алматы қаласы Әуезов ауданының аумағында көріктендіру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымдастыру;

      20) жергілдікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жұмыстарын жүргізу;

      21) Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жарықтандыру;

      22) кәсіби емес медиаторлардың тізілімін жүргізу;

      23) кадр құрамына зерттеу жүргізу, ұсыныс әзірлеу және енгізу;

      24) "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі кадрларының оқуын және қайта даярлығын ұйымдастыру;

      25) гендерлік аспектілерді қарау;

      26) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер өндірісін жүзеге асыру;

      27) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де функцяларды жүзеге асыру;

      16. Негізгі міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру мақсатында "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзінің құзыреті шегінде:

      1) "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарауына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен, оның ішінде арнайы байланыс және деректерді беру жүйесін пайдаланып, құпия және қызметтік жазбаларды жүргізуге;

      2) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша бақылау және үйлестіруді жүзеге асыруға;

      3) заңнамада белгiленген тәртiпте мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпараттар мен материалдарды алуға;

      4) жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      5) "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі әкiмгері болып табылатын бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу кезiнде жергiлiктi қоғамдастық жиналысының талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджет құрамында көзделген бағыттар бойынша жергiлiктi маңызы бар мәселелердi қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды енгізуге;

      6) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 56-бабында белгіленген тәртіпте сотқа талап арызбен жүгінуге;

      7) өзіне берілген мүлікті басқаруға;

      8) заңнамада көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқы бар.

3. "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      17. "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде басшылықты "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының басшысы жүзеге асырады.

      18. Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.

      19. Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты басшысы:

      1) Алматы қаласының әкімдігіне "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекітуге ұсынады, Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі орынбасарларының арасында міндеттерді бөлу, "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штаттық саны бойынша ұсыныстар,оған бекітілген штаттық санның шегінде өзгерістер енгізеді;

      2) "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды;

      3) Әуезов ауданының әкімі қабылдаған шешімдер мен өкімдердің орындалуы мен сақталуын, оның тапсырмаларының орыдалуын, құжаттардың өтуін бақылау жұмыстарын үйлестіреді;

      4) аудан әкіміне қол қою және қарау үшін аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын және аудан әкіміне жолданған басқа да құжаттар мен материалдарды ұсынады;

      5) ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

      6) қызметтік құжаттамаға қол қояды;

      7) бөлінген еңбекақы төлеу қорының шегінде "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына үстемақылар, қосымша ақылар және көтермелеулер мен тәртіптік жаза қолдану мәселесі жөнінде заңнамада белгіленген тәртіпте ұсыныс енгізеді.

      8) "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бөлімдерінің қызметіне жалпы басшылық жасайды және жұмыстарын үйлестіреді;

      9) Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімнің тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі қабылдаған актілердің орындалуына қатысты келіспеушіліктерді қарау жөніндегі мәжілістерді шақырады;

      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара қолдануға жеке жауапкершілікте болады;

      11) осы Ережеде көрсетілген, сондай-ақ Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі оған жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      20. "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      23. "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады