"Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 1/109 қаулысы. Алматы қаласының әділет департаментінде 2015 жылғы 2 наурызда № 1144 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 30 қаңтардағы № 1/46 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 30.01.2023 № 1/46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) оның Құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер туралы Алматы қаласының әділет органдарына хабарласын;

      2) осы қаулыны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Б. Қарымсақовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі А. Есімов

  Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "23" ақпандағы
№ 1/109 қаулысымен бекітілді

"Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже 1. Жалпы ережелер

      1. "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің қызметін ақпараттық - талдау, ұйымдық - құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

      2. "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларына, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық үлгісіндегі заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары бар.

      4. "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      6. "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер және өкімдер қабылдайды.

      7. "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат кестесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 050011, Алматы қаласы, Шолохов көшесі, 9.

      9. Толық атауы:

      мемлекеттік тілде: "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Турксибского района города Алматы".

      10. Осы Ереже "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы – ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету деп белгіленген.

      14. "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 35, 38 баптарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Жарлығымен белгіленген:

      1) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілерінің орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету және ауданның аумағында орналасқан кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және азаматтардың оларды орындауын қамтамасыз ету;

      2) мемлекеттік қызметшілердің және "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бөлімдері қызметтерінің тиімділігін бағалау;

      3) аудан әкімі белгілеген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      15. "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің фукциялары Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-2 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 38 бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңының 8 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы" № 898 Жарлығына сәйкес белгіленген:

      1) Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі мен аппаратын ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық мәселелер бойынша қамтамасыз ету;

      2) аудан аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасасу;

      3) Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің тапсырмасы бойынша аудан әкімі мен аппараттың мүдделерін сотта қорғау, прокурорлық назар аудару актісін қарау;

      4) мемлекеттік қызметтерді көрсету:

      спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 1-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 2-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 3-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;

      мынадай: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын береді;

      азаматтық хал актілерді тіркеу және туу туралы куәліктерді беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру;

      5) "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ісін жүргізу, оның ішінде құпия, арнайы байланыс бойынша, хат-хабарларды өңдеу, құпия режимін, "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында ішкі нысандар ережесін нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес қамтамасыз ету;

      6) мемлекеттік органның қызмет бағыты бойынша оның жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру;

      7) іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуді кезең-кезеңмен енгізу;

      8) аудан әкімінде, оның орынбасарларында, "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығындағы кеңестерді ұйымдастыру, кеңес хаттамаларын ресімдеу және тарату;

      9) аудан әкімінің, оның орынбасарларының, "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының тапсырмалары бойынша аудан әкімі шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлеу, оларды тарату және сақтау;

      10) аудан аппараты актілерінің, аудан әкімінің және оның орынбасарларының актілері мен тапсырмаларының, аудан аппараты мәжілістері тапсырмаларының орындалуын бақылау, осы мәселелер бойынша аудан әкіміне мәлімет беру;

      11) жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштерін қарау;

      12) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру;

      13) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдесу;

      14) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      15) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;

      16) жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастыру;

      17) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған

      адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;

      18) әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесу;

      19) Алматы қаласы Түрксіб ауданының көріктендіру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарын ұйымдастыру;

      20) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасасу;

      21) Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

      22) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізу;

      23) кадрлық құрам бойынша ұсыныстарды зерделеу, дайындау және енгізу;

      24) "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі кадрларының оқуын және қайта даярлығын ұйымдастыру;

      25) гендерлік аспектілерді қарау;

      26) әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзу туралы іс жүргізуді жүзеге асыру;

      27) "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де функциялар.

      16. Негізгі міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру мақсатында "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзінің құзыреті шегінде:

      1) "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарауына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен, оның ішінде арнайы байланыс және көрсеткіштерді беру жүйесін пайдаланып, құпия және қызметтік жазбаларды жүргізу;

      2) өз құзіретіндегі мәселелер бойынша бақылау және үйлестіруді жүзеге асыру;

      3) заңнамада белгiленген тәртiпте мемлекеттік органдардан, мекемелер мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпараттар мен материалдарды алуға;

      4) жоғары тұрған органдарға атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныс енгiзуге;

      5) әкімнің аппараты әкімгері болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;

      6) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 56 бабында белгіленген тәртіпте, сотқа талап арызбен жүгіну;

      7) өзіне берілген мүлікті басқаруға;

      8) заңнамаға сәйкес өзге құқықтарды жүзеге асыру.

3. "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      17. "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының басшысы жүзеге асырады, ол "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      18. Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңмен белгіленген тәртіпте қызметке тағайындалады және босатылады.

      19. Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының басшысы:

      1) қала әкімінің бекітуіне "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені, аудан әкімі орынбасарларының арасында міндеттерді бөлу, "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық құрамын ұсынады, штаттық құрамда бекітілген шектерде оған өзгерістер енгізеді;

      2) "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысына басшылық жасайды және ұйымдастырады;

      3) аудан әкімінің қабылданған шешімдері мен өкімдерінің орындалуы мен қадағалауына, оның тапсырмаларының орындалуына, құжаттардың өтуіне бақылау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

      4) аудан әкіміне оның қол қою және қарау үшін аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін және аудан әкіміне жолданған басқа да құжаттар мен материалдарды ұсынады;

      5) ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

      6) қызметтік құжаттамаға қол қояды;

      7) бөлінген еңбекақы төлеу қорының шегінде Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына үстемеақылар және қосымшаақылар мен тәртіптік жаза беру мәселесі бойынша ұсыныстар енгізеді;

      8) жалпы басшылық жасайды және "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бөлімдерінің қызметін үйлестіреді;

      9) әкімнің тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың Түрксіб ауданының әкімі қабылдаған актілерінің орындалуы мәселелері жөніндегі келіспеушіліктерді қарау жөніндегі мәжілістерді шақырады;

      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара қолдануға жеке жауапкершілікте болады;

      11) осы ережеде көрсетілген, сондай-ақ Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі оған жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының басшысы болмаған кезенде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      20. "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оралымды басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз қалауымен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      23. "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады