Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы" 2014 жылғы 2 шілдедегі № 3/520 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1072 болып тіркелген, 2014 жылғы 2 тамызда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Алматы қаласы әкімдігінің регламентіндегі:
29 тармақтағы "әкімнің орынбасарларында" сөздерінен кейін "және аппарат басшысында" сөздерімен толықтырылсын.
2. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы М. Сембековке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Б. Байбек |