Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес, Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласында жылу маусымына дайындалудың және оны өткiзу қағидалары бекітілсін.
2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының қала құрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б. Шинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Әукеновке (келісім бойынша) жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
V сайланған | |
Алматы қаласы мәслихаты | |
XLVІ сессиясының төрағасы | А. Котенев |
V сайланған | |
Алматы қаласы мәслихатының | |
Хатшысы | Қ. Қазанбаев |
V сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХLVI сессиясының 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 385 шешімімен бекітілген |
Алматы қаласында жылыту маусымына дайындалу
және өткізу ережелері
1. Жалпы ережелер
1. Алматы қаласында жылыту маусымына дайындалу және өткізу жайлы осы ережелер (бұдан былай – Ережелер) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2004 жылғы 9 шілдедегі "Электр энергетикасы туралы" заңдарына сәйкес әзірленді және Алматы қаласы аумағында жылыту маусымына дайындалу және өткізу тәртібін айқындайды.2. Ережелер тұтынушыларды жылумен тұрақты қамтамасыз ету, электрмен қамтамасыз ету, сумен қамтамасыз ету, белгіленуін ескеріп, үйлерде нормативті температуралық режимді және энергия таратушылардың қажетті параметрлерін ұстап тұру бойынша жылыту маусымын дайындау және жүргізу кезіндегі іс-қызметті, нормативті-техникалық құжаттаманың, санитарлық -эпидемиологиялық талаптарға, Қазақстан Республикасындағы қолдалынып жүрген стандарттардың параметрлеріне сәйкес келуін үйлестіреді.
3. Ережелерде қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) кондоминиум нысандарын басқару органы - кондоминиум нысандарын басқару және ұстауға арналған бөлме-жай (пәтер) иелерінің жиналысымен өкілдік ететін жеке немесе заңды тұлға;
2) сарапшылық ұйым – электр энергетикасы мәселелері бойынша энергетикалық сараптау жүргізуге арналып акредиттелген ұйым;
3) сумен қамтамасыз ету және (немесе) суды бұрып әкету жөніндегі ұйым – елді мекендерде сумен қамтамасыз ету және суды бұрып әкетуді пайдалануды атқаратын су шаруашылығы ұйымы.
4) тұтынушы – келісім-шарт негізінде электр және (немесе) жылу қуатын, суды тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;
5) уәкілетті орган – өзінің өкілеттіктері шегінде Алматы қаласының аумағында энергетика, коммуналдық шаруашылық, өндірістік қауіпсіздік саласындағы басшылықты және бақылауды жүзеге асыратын, "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6) газ таратушы ұйым – газ тарату жүйесі бойынша тауарлық газды тасымалдауды, газ таратушы жүйелерді техникалық пайдалануды атқаратын заңды тұлға;
7) энергия беруші ұйым –шарт негіздерінде электр немесе жылу қуатын берді атқаратын ұйым;
8) энергия өндіруші ұйым – электр және (немесе) жылу қуатын өзіндік қажеттіліктерге өндіруді және (немесе) өткізуді, сондай-ақ импортталатын электр энергиясын жеткізуді атқаратын ұйым;
9) жылу оқшауламасы – жылу оқшаулаушы құбырларды және пішіндік бұйымдарды "құбырдағы құбыр" конструкциясы түрінде дайындайды, тозуға қарсы жабынды ретінде қалыпты немесе күшейтілген типті, сонымен қатар СТ РК МЕМСТ 51164-2005, МЕМСТ Р 52568 бойынша термореактивті смола негізіндегі жабындылар қолданылады, жылу оқшаулаушы ретінде моноит қатты пенопласт, ал гидро қорғау жабындысы ретінде – жерасты төсеміне арналған полимер қабықша және жер үсті төсеміне арналған болат қаптама қолданылады;
10) инженерлік инфрақұрылым – адамдардың тіршілік қызметіне, сондай-ақ өндірістің тұрақты жұмыс істеуіне немесе тауарлар және қалаға қызмет етуге қалыпты жағдайлар жасайтын кәсіпорындардың (ұйымдардың), нысандардың (үйлер мен ғимараттардың), инженерлік және коммуналдық қызмет ету коммуникациясы мен жүйелерінің жиынтығы.
2. Жылыту маусымын дайындау және жүргізуге
қойылатын жалпы талаптар
4. Алматы қаласында жылыту маусымын дайындау және жүргізуді бақылау және мониторинг Алматы қаласы әкімдігінің комиссиясы, қала аудандарында – аудан әкімдері аппараттары, ұйымдарда – сумен қамтамасыз ету және (немесе) суды бұрып әкету бойынша энергия өндіруші, энергия беруші, газбен қамтамасыз етуші және ұйымдастырушы ұйымдардың басшылары.5. Алматы қаласы әкімдігі комиссиясының құрамын жергілікті атқарушы орган, аудандық әкімдіктерде – аудандардың әкімдері айқындайды.
Алматы қаласы комиссиясының мәжілісі әкімдіктің Уәкілетті органының ұсынысы бойынша өткізіледі.
6. Энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану және барлық үйішілік инженерлік жүйелерді дайындау, сонымен қатар тұтынушыларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, күзгі-қысқы жағдайларда қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету үшін:
1) кондоминиум нысандарын басқару органы, заңды тұлғалар жылыту және ыстық сумен қамтамасыз етудің жалпы үйлік (үйішілік) жүйелері қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, тиісті техникалық жай-күйде ұстайды, коммерциялық есеп құралдарының және жалпы үйлік меншікті құрайтын қондырғылардың сақталуын қамтамасыз етеді. Кондоминиум нысандарын басқаруды атқаратын заңды тұлғалар жылу тұтыну қондырғыларын өз бетінше немесе мамандандандырылған ұйыммен шарт бойынша жүргізеді;
2) тұтынушы немесе тұтынушының уәкілетті тұлғалары жылумен қамтамасыз ету, электрмен қамтамасыз ету, су тұтыну жүйелері жұмысы режимдерін бақылау және байқау үшін жылумен қамтамасыз ету, электрмен қамтамасыз ету, сумен қамтамасыз ету және (немесе) суды бұрып әкету жөніндегі ұйымдардың, сондай-ақ инженерлік жүйелер мен коммуникацияға қызмет ету және жөндеу бойынша жұмыс жасайтын ұйымдардың қызмет көрсетуші өкілдерін аумаққа, пәтерге, тұруға арналмаған үй-жайларға бөгетсіз жіберуді қамтамасыз етеді;
3) кондоминиум нысандарын басқару органы, заңды тұлғалар сарапшылық және энергия беруші ұйымдар ұсынған және тұрғын үй инспекциясы, аудандық әкімдік жазбаша ұйғарымдарды-ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларды орындайды;
4) кондоминиум нысандарын басқару органы жою себептерін және мерзімдерін көрсете отырып, инженерлік жүйелер мен коммуникациялар жұмысындағы бұзушылықтар мен апаттар жағдайында тұтынушыларға хабарлау үшін ақпараттық табло ресімдейді (тұтынушының Уәкілетті тұлғасының сайтында орналастыруға болады);
5) кондоминиум нысандарын басқару органы, баланстық иелік және пайдалану жауапкершілігі шегінде ҚР "Тұрғын үйлер" ҚЕН сәйкес, жылдың 200 С суық кезеңінде пәтерлерде есептік ауа температурасын ұстауға арналған үйішілік инженерлік жүйелерді сенімді пайдалануды қамтамасыз етеді;
6) адамдардың тіршілік қызметіне қалыпты жағдайлар жасау, сонымен қатар жылумен, электрмен және сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін апаттық жағдайларды жою және ағымдағы жөндеу бойынша қызмет көрсету кондоминиум нысандарының мүлкін жалпы ұстауға арналған қаражат есебінен жүргізіледі.
7. Аудандар әкімдерінің аппараттары инженерлік коммуникацияларды және олармен байланысты үйлер (ғимараттар), көппәтерлі тұрғын үйлерді және әлеуметтік мәдени-тұрмыстық нысандарды дайындаудың қызмет берушілердің аудандық пайдалану учаскелерімен келісілген егжей-тегжейлі жоспарын жолдайды.
8. Энергия беруші және энергия өндіруші, газ таратушы және сумен қамтамасыз ету және (немесе) суды бұрып әкету жөніндегі ұйым уәкілетті органға негізгі жабдықты және жүйелерді күрделі жөндеуді орындаудың егжей-тегжейлі жоспарларын, сондай-ақ келесі жылыту маусымына дайындау бойынша ағымдағы жөндеу көлемінде іс-шараларды орындау кестесін жолдайды.
9. Уәкілетті орган энергия беруші және энергия өндіруші, газ таратушы және сумен қамтамасыз ету және (немесе) суды бұрып әкету жөніндегі ұйымдардың тізбесін және жылыту маусымына дайындықтың жоспарларын орындау жөніндегі ақпаратты ұсынудың мерзімдерін айқындайды.
Жылыту маусымына дайындық бойынша іс-шараларды орындау кестелерін бұзған және жөндеу жоспарларын ұйымдастыруды орындамаған жағдайда ұйымдар ахуалды түзету бойынша қолданылатын іс-шараларды, жоспарларды орындамау себептерін көрсетіп, анықтама жасайды.
3. Жылыту маусымына дайындық
10. Жылыту маусымына дайындық энергия беруші және энергия өндіруші, газ таратушы және сумен қамтамасыз ету және (немесе) суды бұрып әкету жөніндегі ұйымдарды ұйымдастырушылық тұрғыда қамтиды:1) өткен жылыту маусымы бойынша кемшіліктерді анықтау, анықталған ақаулар мен бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және орындау;
2) жаңа жылыту маусымына инженерлік коммуникациялар мен үйлерді, ғимараттарды дайындау бойынша іс-шаралардың жоспарын және оны орындау жөніндегі есеп беруді бекітіп, өткен жылыту маусымының қорытындылары туралы есеп;
3) республикалық және жергілікті бюджеттерден оларды орындау мен тапсыру мерзімдері бар, әкімдіктерден қаржыландырылатын, жаңа, қолданыстағы жүйелер, жолдар, тұрғын үйлер мен құрылыстарды қайта құру бойынша іс-шараларды жүргізу кестесін әзірлеу;
4) инженерлік инфрақұрылым бойынша шарттар жасау.
11. Адамдардың тіршілік қызметі үшін қалыпты жағдайларды қамтамасыз ету, сонымен қатар өндірістің жұмыс істеуі үшін:
1) жабдықты және электр қондырғыларын, лифт шаруашылығын, қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалануға немесе пайдалану мерзімдерін ұзартуға қажетті, сондай-ақ техникалық диагностика жасау немесе (және) техникалық құрылғыларды (қазандарды, сауыттарды, құбыр желілерін) жаңартуға керек сарапшылық зерттеулерді, сынақтарды және өлшеулерді уақтылы жүргізеді және кестелер әзірлейді;
2) сынақтар мен жуып-шаю бойынша жылу жүйелеріндегі жұмысты орындайды және жылу жүйелерінің температуралық кестесін және гидравликалық режимді бекіту;
3) техникалық жай-күйді, отын қоймалары мен бактарын, оларға жөндеу жүргізуді, уақтылы зерттеу және сынауды, оның ішінде резервтік отын шаруашылығын, жылу беру, жылуды дайындау жүйелерін, теміржолдық және автомобильдік айналма жолдарын, өртке қарсы шаруашылықты тексереді;
4) жабдықты апаттық жөндеуге арналған қоймалардағы негізгі және резервтік пайдалану отынын және қосалқы бөлшектердің қажетті қорын құрайды;
5) жаңадан салынған, қайта құрылған (жаңғыртып-жетілдірілген) нысандар мен инженерлік жүйелерді инженерлік жүйелерге қосудың кестесін әзірлейді;
6) энергия беруші ұйымдар Уәкілетті органда дайындық төлқұжатын алады.
12. Жылыту маусымына дайындалу мыналарды қамтиды:
1) ішкі инженерлік жүйелерді, жылу тораптарын және электр кірмелерін, үйішілік жүйелерді 15 қыркүйекке дейін орындау мерзімі бар, дайындау кестесін әзірлейді;
2) инженерлік жүйелерді пайдалануға жауапты білікті тұлға (ол жоқ болған кезде орнын басатын тұлғаны) тағайындау;
3) жылумен және ыстық сумен қамтамасыз ету құбыр желілерінің барлығы бойынша жылулық оқшаулауды орындау;
4) жылу пайдалану қондырғыларының барлық орнатылған бекіткіш, реттеуші арматурасын тексеруді және жөндеуді жүргізу;
5) техникалық термометрлерді тексеру, кейін техникалық майды құю арқылы гильзаны тазарту;
6) жылыту маусымы аяқталған соң жылу тұтыну жүйелерінің элементтерін механикалық тазарту арқылы гидропневматикалық жуып-шаю;
7) жылумен қамтамасыз ету жүйелерінің гидравликалық режимдерін бекіту жоспарына сәйкес атқарылатын жылу тұтыну (гидравликалық опрессовка) жүйесінің механикалық беріктігіне және гидравликалық тығыздығына арналған барлық элементтердің жылу тұтыну жүйелеріне гидравликалық сынақ жүргізу;
8) пломбаланған, сәйкестігі расталған манометрлерді орнату;
9) подъездер мен жертөлелердің кірме есіктерін жөндеу, терезелерді, шатырлар мен жертөлелерді жабу;
10) саты жолдарының терезелеріне екі қабат әйнек салуды қалпына келтіру;
11) жылу торабының үй-жайын жөндеу: ағарту, бояу, қажетті жарықтандыру және сенімді түрде жабу;
12) жөндеу, баптау іс-шараларын жүргізу;
13) үйдің электр сымдарын, жерге тұйықталу контурын оқшаулау кедергісін тексеру;
14) 15 қыркүйекке дейін жылыту маусымы өтуіне дайындық актілерін алу;
15) инженерлік коммуникация өтетін, жылу-электр қондырғылары орнатылған жертөлелік үй-жайларға өтуді ұйымдастыру, олар қойма ретінде және басқа да мақсатта пайданылмайды, басқа да кедергісіз қолжетімділікте болуы тиіс. Жертөлелік үй-жайларда кондоминиум басқару органы диспетчерлік органының заңды тұлғаларының байланыс телефондары орналастырылады.
13. Іс жүзіндегі нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жылу жүйелері: беріктігі және тығыздыққа арналған сынақтардан (гидравликалық оперссовка) өтуі тиіс;
есептік температура сынақтарынан;
гидравликалық және жылу шығындары бойынша сынақтан өтуі тиіс.
14. Үйдің жылу жүйелерін дайындаудан соң, олар жүйелік сумен толтыру арқылы тоқтатыла тұрады.
15. Қысқы жағдайлардағы жұмысқа электр стансалары, жылу және электр жүйелері нысандарының дайындығын бағалау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылдың 2 ақпанындағы №55 бұйрығымен бекітілген Күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың дайындық төлқұжатының нысаны және алу ережелері аясында айқындалады.
16. Дайындық актілері, техникалық байқау, дайындық төлқұжатының техникалық шарттарын бергені үшін ақы алынбайды.
4. Жылыту маусымының басталуы
17. Сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +80 С және одан да төмен төмен болған кезде Алматы қаласының жергілікті атқарушы органы жылыту маусымын бастау туралы шешім қабылдайды.18. Тұтынушыларды жылумен қамамасыз етуге қосу мынадай кезектілікпен атқарылады:
1) балалар, емдеу, мектептік мекемелер, кәсіптік мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер;
2) тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақүйлер;
3) әкімшілік үйлер, оқу орындары, театрлар;
4) өзге де үйлер.
19. Энергия беруші ұйым бір ай ішінде жылыту маусымы басталған соң жылу жүйелері мен тұтынушыларға кірмелерге түпкілікті реттеу жасайды. Кондоминиум нысандарын басқару органы үйішілік жүйелер бойынша түпкілікті реттеу жасайды. Қажет болса, энергия беруші ұйым соплолар мен диафрагмаларға қайта есептеу жүргізеді. Ауыстыру бойынша жұмысты энергия беруші ұйым өкілдерінің бақылауы арқылы жүргізеді.
20. Тұтынушыларға берілетін жылу қуаты сапасын бақылау үшін жылыту маусымы басталуына кемінде он күнтізбелік күн қалғанша температуралық кестені аудан әкімдерінің аппараттарына жолдайды.
21. Жылыту маусымы кезінде энергия беруші және энергия өндіруші, газ таратушы және сумен қамтамасыз ету және (немесе) суды бұрып әкету жөніндегі ұйым:
1) жылу беруші ұйым диспетчері берген режимдік картаға сәйкес жылу таратушының есептік гидравликалық және температуралық параметрлерін қамтамасыз етеді;
2) халыққа қызмет етуші кәсіпорындар, ұйымдардан наразылық талаптарын қабылдайды және оларды жою бойынша іс-шаралар қолданады;
3) аудан әкімдерінің аппараттарын, апаттық-диспетчерлік қызметтерді, тұтынушыларды апаттар және шектеулер, жылу беруді тоқтату немесе қабылданатын шаралар және жою болжанатын мерзімдері, себептері көрсетіліп, сумен қамтамасыз ету сапасының нашарлауы туралы бірден хабардар етеді;
4) бір сағат ішінде жылу, су құбыры және кәріздік, газдық жүйелердегі апаттық ахуалдар кезінде өз өкілдерінің сол жерге баруын қамтамасыз етеді, жылумен қамтамасыз етудің белгіленген режимдері бұзылған кезде – тұтынушылардан ақпарат алынған соң бір тәулік ішінде баруын қамтамасыз етеді;
5) тұтынушылардың балансында тұрған, жылу жүйелері мен жылу тораптарының дұрыстығы мен техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
6) қызмет көрсетілетін жылу жүйелері құбыр желілерінің ақауларын жою бойынша жұмыс жасайды.
22. Жылыту маусымы өтіп жатқан кезде кондоминиум нысандарын басқару органдары:
1) нормативтік техникалық құжаттама талаптарын сақтайды;
2) халықтан наразылық талаптарын қабылдайды және оларды жою шараларын қолданады;
3) жылу тұтыну режимдеріне қатысты энергия беруші ұйымдардан шұғыл жазбаша ұйғарымдарды орындайды;
4) жылу тұтыну ұйымдарының үйішілік жүйелерін реттеу жолымен барлық қыздыру құралдарының біркелкі қызуын қамтамасыз етеді;
5) кондоминиум нысандарында сулық қыздырғыштар бар болуы жағдайында тоқсан сайын бір рет олардың тығыздығын тексеруді қамтамасыз етеді;
6) үйлердің подъездеріндегі ақпараттық қалқандарда хабарландырулар орналастыру жолымен жылумен қамтамасыз ету немесе сумен қамтамасыз етуді шектеу, болжанатын ажырату ұзақтығы мен себептері жайлы халықты хабардар етеді;
7) жылу, су желісі, кәріз жүйелері және үйішілік жүйелерде ағып кетуді тоқтату бойынша шұғыл шаралар қолданады;
8) жүйелік судың айналымы тоқтатылған кезде, сыртқы ауаның қолайсыз температурасы кезінде олардың қатып қалмауының алдын алу және істен шығуын болдырмау үшін жылыту жүйелерінен суды сенімді босатуды қамтамасыз етеді;
9) босатудың жергілікті тәртібін ескере отырып, сондай-ақ жылу таратушыны сорғытусыз жылыту жүйелерін ажыратудың рамалы (болуға боларлықтай) ұзақтығы ескеріп, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты белгілейді;
10) апаттық ахуалдар кезінде сол жерге шығу кезінде білікті мамандардың 15 минут ішінде баруын қамтамасыз етеді;
23. Апаттық-қалпына келтіру жұмысын жасау кезінде сол жерге шақыру кезінде инженерлік жүйелер мен коммуникация баланс ұстаушылары жер қазу жұмыстарын орындауды келісу үшін өз өкілдерінің 30 минут ішінде баруын қамтамасыз етеді.
5. Жылыту маусымының өтуі
24. Күшейтілген және төтенше режимдер болған кезінде:1) хабарлау схемасы белгіленеді, энергия беруші және энергия өндіруші, газ таратушы және сумен қамтамасыз ету және (немесе) суды бұрып әкету жөніндегі ұйымның, кондоминиум нысандарын басқару органы жауапты қызметкерлерінің кезекшілігі белгіленеді;
2) энергия беруші және энергия өндіруші, газ таратушы және сумен қамтамасыз ету және (немесе) суды бұрып әкету жөніндегі ұйымның апаттық-қалпына келтіруші бригадалары дайындыққа келтіріледі;
3) кондоминиум нысандарын басқару органы жылумен қамтамасыз ету жүйелері жұмысын және үйді жылылаудың жай-күйін бақылау және кезең-кезеңдік шолып шығуды ұйымдастырады;
4) жылумен қамтамасыз ету көздерінде резервтік және апаттық жабдық, жылу беру жолдарының жұмысы, негізгі және резервтік отын, құрал-саймандардың, материалдар мен қосалқы бөлшектердің бар-жоғы тексеріледі;
5) жергілікті атқарушы органдардың өкімімен кәсіпорындар мен ұйымдарда апаттық ахуалдарда қолдануға арналған материалдармен және механизмдермен қамтамасыз етілген, көмекші апаттық-қалпына келтіруші бригадалардың сақадай-сай дайындығы енгізіледі;
6) күшейтілген және есептік емес режимдер кезінде үйді пайдаланатын сервистік ұйымдардың іс-қимылдары мен қажетті іс-шаралары тұтынушылардың тиісті нұсқаулықтарында көрсетіледі.
6. Жылыту маусымының аяқталуы және жазғы кезеңде
ыстық сумен қамтамасыз ету
25. Сыртқы ауаның тұрақты орташа тәуліктік температурасы плюс 80 С және одан да жоғары болған кезде бес күнтізбелік күн ішінде Алматы қаласының жергілікті атқарушы органы жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылдайды.Энергия беруші ұйым үш күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жылыту маусымының аяқталуы туралы және жылыту жүйесін ажырату қажеттігі жайлы тұтынушыларды хабардар етеді, жылу тұтыну жүйелерін ажырату актілерін ресімдейді.
26. Жылу қуаты көздерінде айналымның барынша зор қысқартылады және санитарлық нормаларға сай ыстық сумен сенімді қамтамасыз етіледі.
27. Жазғы кезеңде энергия беруші ұйым жылу қуаты және жылу жүйелері көздері жабдықтары жұмысының бекітілген схемасы бойынша ыстық сумен қамтамасыз етумен тұтынушыларды қамсыздандырады. Ыстық су берудегі үзілістер ыстық сумен қамтамасыз ету қондырғыларында жылумен қамсыздандыру көздерінде жөндеуге, элеватор тораптарын және үйішілік жүйелерді дайындауға қажетті уақытта аудан әкімдері аппаратарымен келісілген кестелерде белгіленген мерзімдерден аспауы тиіс, сондай-ақ тұтынушыларды өз сайтында және бұқаралық ақпарат құралдарында жөндеу жұмыстарының басталуы және аяқталуы жайлы хабардар етеді.
28. Энергия беруші ұйым 1 мамырға дейін келесі жылыту маусымына арналған режимдердің есебін орындайды және тұтынушыларға ұсынады, сондай-ақ алда болатын жылыту кезеңіне (15 қыркүйектен кешіктірмей орындау мерзімдері бар) жылу пайдалану қондырғыларын тиісінше түрде дайындау үшін техникалық талаптарды береді.
7. Жылумен қамтамасыз ету, энергиямен қамтамасыз ету,
газбен қамтамасыз ету, сумен қамтамасыз ету және суды
бұрып әкету жөніндегі шұғыл-диспетчерлік және
апаттық-қалпына келтірушілік қызметтердің
өзара іс-қимылының тәртібі
29. Жылумен қамтамасыз ету, энергиямен қамтамасыз ету, газбен қамтамасыз ету, сумен қамтамасыз ету және суды бұрып әкету жүйелері, жылу өндіру көздерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету жылумен қамтамасыз ету, энергиямен қамтамасыз ету, газбен қамтамасыз ету, сумен қамтамасыз ету және суды бұрып әкету, апатты болдырмау, апаттың таралуын болдырмау, жүйелердегі зақымдарды жою және 109 телефоны бойынша хабарланған режимдерді қалпына келтіру бойынша шұғыл шаралар жөніндегі шұғыл-диспетчерлік және апаттық-қалпына келтірушілік қызметтердің өзара іс-қимылының негізгі міндеті болып табылады.30. Шұғыл-диспетчерлік және апаттық-қалпына келтірушілік қызметтердің іс-қимылдарын жалпы үйлестіруді комиссия атқарады.
31. Апаттың таралуын болдырмау және жою жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жабдықтың апаттық қоры дайындалады.
32. Ұзақ мерзімге жылумен қамтамасыз ету үзілістерін туындататын жұмыстың едәуір көлемі жағдайында қалпына келтірушілік жұмысқа мамандандырылған құрылыс-монтаждау және қаланың өзге де ұйымдары тартылады.
33. Жылу көздерінде және жылу жүйелерінде апаттық ахуал хабарлау үшін:
1) тұрғын үй-коммуналдық және энергетикалық кешеннің барлық нысандарында тәулік бойғы кезекшілік енгізіледі;
2) қала (аудан) әкімінің өкімі бойынша энергия беруші және энергия өндіруші, газ таратушы, сондай-ақ сумен қамтамасыз ету және (немесе) суды бұрып әкету жөніндегі ұйымдарда апаттық ахуалдарда қолдануға арналған механизмдермен және материалдармен қамтамасыз етілген, көмекші апаттық-қалпына келтіруші бригадалардың сақадай-сай дайындығы енгізіледі.