Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2015 жылғы 15 мамырдағы N 06 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2015 жылы 15 маусымда № 1171 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2016 жылғы 09 ақпандағы № 01 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 09.02.2016 № 01 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 16 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №86 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметін жыл сайынғы бағалаудың Үлгілік әдістемесінің 2-тармағына сәйкес, Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі бекітілсін.
      2. Осы нормативтік құқықтық акт Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуді және кейін оны Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етілсін.
      3. Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты осы шешімінің интернет-ресурста орналастыруын қамтамасыз етілсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары А.С. Бекжановаға жүктелсін.
      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткенен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                               С. Құсайынов

      ұсынады:
      персоналды басқару қызметінің
      (кадр қызметінің) бас маманы            М. Қайназарова

      келісілді:
      әкімнің орынбасары                        А. Бекжанова

      мемлекеттік-құқықтық
      бөлімі басшысының м.а.                       Н. Бөжеев

Алматы қаласы
Алмалы ауданы әкімінің
2015 жылғы 15  мамыр
№ 06 шешімімен бекітілді

Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының «Б»
корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі - бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
      2. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзімде жүргізіледі.
      3. Қызметшілерді бағалау мыналардан:
      1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
      2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы).
      Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
      4. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
      5. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі «қанағаттанарлықсыз» деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.
      Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
      6. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
      7. Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) бекітеді, оны Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі адам құрады.
      8. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
      9. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Аппарат басшысы Комиссия төрағасы болып табылады.
      Комиссия хатшысы Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі - персоналды басқару қызметі) қызметкері болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
      Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 3-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.

2. Бағалау жүргізуге дайындық

      10. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.
      Персоналды басқару қызметі бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 3-тармағында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға толтыру үшін бағалау парағын жібереді.

3. Тікелей басшының бағалауы

      11. Тікелей басшы осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тікелей басшысының бағалау парағын персоналды басқару қызметінен алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын персоналды басқару қызметіне қайтарады.
      Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің қызметкері және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

4. Айналмалы бағалау

      12. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда - қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.
      Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай персоналды басқару қызметі бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.
      13. Осы Әдістеменің 12-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.
      14. Осы Әдістеменің 12-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне жіберіледі.
      15. Персоналды басқару қызметі осы Әдістеменің 12-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасын есептейді.
      16. Осы Әдістеменің 12-тармағында көрсетілген тұлғалармен бағалау жасырын түрде жүргізіледі.

5. Қызметшінің қорытынды бағасы

      17. Персоналды басқару қызметі қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:

а = b + с

      а - қызметшінің қорытынды бағасы,
      b - тікелей басшының бағасы,
      с - осы Әдістеменің 12-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.
      18. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
      21 баллдан төмен - «қанағаттанарлықсыз»,
      21-ден 33 балға дейін - «қанағаттанарлық»,
      33 баллдан жоғары - «тиімді».

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      19. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
      Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына мына құжаттарды:
      1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
      3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
      4) осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
      20. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
      1) егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
      2) қызметшінің бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе.
      Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.
      21. Персоналды басқару қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
      Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің қызметкері танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
      22. Осы Әдістеменің 19-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      23. Комиссия шешіміне қызметшінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Алматы қаласы бойынша департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      24. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Алматы қаласы бойынша департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
      25. Қабылданған шешім туралы ақпаратты Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Алматы қаласы бойынша департаментіне береді.

Алматы қаласы
Алмалы ауданы әкімі аппаратының
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жылсайынғы
бағалаудың әдістемесіне
1-қосымша

нысан

Тікелей басшысының бағалау парағы

Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы:____________________________________

Өлшем

Көрсеткiштiң мәнi

Баға

р/н


(саны)

(балл)

1.

Бастамашылығы

2-ден 5-ке дейiн



2.

Лауазымды мiндеттерiн орындау сапасы

2-ден 8-ге дейiн



3.

Әрекеттестiкке икемдiлiгi

2-ден 5-ке дейiн



4.

Қызметтiк этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейiн



БАРЛЫҒЫ (барлық бағалардың бағасы)



Таныстым:
Қызметшi
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)__________________
күнi_______________________
қолы_______________________

Тiкелей басшы
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)____
________________________________
күнi____________________________
қолы____________________________

Алматы қаласы
Алмалы ауданы әкімі аппаратының
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жылсайынғы
бағалаудың әдістемесіне
2-қосымша

нысан

Айналмалы бағалау парағы

Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы:____________________________________

Өлшем

Көрсеткiштiң мәнi

Баға

р/н


(саны)

(балл)


Бағынышты адам

1.

Жұмысты жоспарлай алу қабiлетi

2-ден 5-ке дейiн


2.

Жұмысқа ынталандыру қабiлетi

2-ден 5-ке дейiн


3.

Қызметтiк этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейiн



Барлығы (барлық бағалардың бағасы)




Әрiптесi

1

Топта жұмыс iстей алу қабылетi

2-ден 5-ке дейiн


2

Қызметтiк этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейiн


3

Лауазымды мiндеттерiн орындау сапасы Барлығы (барлық бағалардың бағасы)

2-ден 5-ке дейiн


Алматы қаласы
Алмалы ауданы әкімі аппаратының
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жылсайынғы
бағалаудың әдістемесіне
3-қосымша

нысан

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты
________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)

Қызметшiнiң Т.А.Ә.
(бар болған жағдайда)

Тiкелей басшының бағасы

Айналмалы баға

Қорытынды баға

р/р




1





...





Комиссия қорытындысы:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Тексерген:
Комиссия хатшысы:_______________________ Күні: ______________________
                 (Т.А.Ә., қолы)

Комиссия төрағасы:______________________ Күні: ______________________
                 (Т.А.Ә., қолы)

Комиссия мүшесі:________________________ Күні: _____________________                  (Т.А.Ә., қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады