Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" № 148-ІІ Заңына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы
23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы" № 453 Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" № 327 Жарлығына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесінің 2 тармағына сәйкес, Алматы қаласы Жетісу ауданының
әкімі ШЕШТІ:
1. № 1 қосымшаға сәйкес, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі бекітілсін.
2. Осы нормативтік құқықтық акт Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізілсін.
3. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты осы шешімді ресми интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппарат басшысы Ж.С. Садвақасоваға жүктелсін.
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Т. Разақов
Енгізеді:
Персоналды басқару қызметі
(кадр қызметі) бөлімінің басшысы Д. Иманова
Келісілді:
Аппарат басшысы Ж. Садвақасова
Мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің басшысы Қ. Жүнісбеков
Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 02 шешімінің № 1 қосымшасы |
Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі
аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың
ӘДІСТЕМЕСІ
1. Жалпы ережелер1. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі - бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
2. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзімде жүргізіледі.
3.Қызметшілерді бағалау мыналардан:
1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы).
Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
Жергілікті бюджеттен қаржыланатын атқарушы органдардың басшылары үшін бағалауды Алматы қаласының әкімі немесе оның уәкілеттік беруімен оның орынбасарларының бірі өткізуі мүмкін.
4. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
5. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі "қанағаттанарлықсыз" деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.
Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
6. "Қанағаттанарлықсыз" деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
7. Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) бекітеді, оны қызметшіні лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар адам құрады.
8. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
9. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Комиссия төрағасы болып - аппарат басшысы табылады.
Комиссия хатшысы персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі - персоналды басқару қызметі) қызметкері болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 3 тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.
2. Бағалау жүргізуге дайындық
10. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.
Персоналды басқару қызметі бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің
3 тармағында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға толтыру үшін бағалау парағын жібереді.
3. Тікелей басшының бағалауы
11. Тікелей басшы осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тікелей басшысының бағалау парағын персоналды басқару қызметінен алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын персоналды басқару қызметіне қайтарады.
Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің қызметкері және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
4. Айналмалы бағалау
12. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда - қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.
Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай персоналды басқару қызметі бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.
13. Осы Әдістеменің 12 тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.
14. Осы Әдістеменің 12 тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне жіберіледі.
15. Персоналды басқару қызметі осы Әдістеменің 12 тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасын есептейді.
16. Осы Әдістеменің 12 тармағында көрсетілген тұлғалармен бағалау жасырын түрде жүргізіледі.
5. Қызметшінің қорытынды бағасы
17. Персоналды басқару қызметі қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
а = b + с
мұнда а - қызметшінің қорытынды бағасы,
b - тікелей басшының бағасы,
с - осы Әдістеменің 12 тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.
18. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
21 баллдан төмен - "қанағаттанарлықсыз",
21-ден 33 балға дейін - "қанағаттанарлық",
33 баллдан жоғары - "тиімді".
6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы
19. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына мына құжаттарды:
1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
4) осы Әдістеменің 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
20. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
1) егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
2)қызметшінің бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе.
Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.
21. Персоналды басқару қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің қызметкері танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
22. Осы Әдістеменің 19 тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.
7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану
23. Комиссия шешіміне қызметшінің Алматы қаласының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
24. Алматы қаласының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігіне қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратына Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
25. Қабылданған шешім туралы ақпаратты Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппараты екі апта ішінде Алматы қаласының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігіне береді.
Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау Әдістемесінің № 1 қосымшасы |
__________________________________________________________________
Бағаланатын қызметкердің аты-жөні: _________________________________
Бағаланатын қызметкердің лауазымы: _________________________________
№ т/б | Өлшемі | Көрсеткіш мәні | Баға (балл) |
1. | Жігерлілік | 2-ден 5-ке дейін | |
2. | Лауазымдық міндеттерді атқару сапасы | 2-ден 8-ге дейін | |
3. | Қызмет ету қабілеттілігі | 2-ден 5-ке дейін | |
4. | Қызмет этикасын ұстау | 2-ден 5-ке дейін | |
БАРЛЫҒЫ (барлық баға саны): | | |
Таныстым:
Қызметкер
(Аты-жөні) _____________________
күні ___________________________
қолы ___________________________
Тікелей басшысы
(Аты-жөні) _____________________
күні ___________________________
қолы ___________________________
Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау Әдістемесінің № 2 қосымшасы |
Бағаланатын қызметкердің аты-жөні: _________________________________
Бағаланатын қызметкердің лауазымы: _________________________________
№ т/б | Өлшем | Көрсеткіш- тің маңызы | Баға (балл) |
Бағынушы | |||
1. | Жұмысты жоспарлау икемділігі | 2-ден 5-ке дейін | |
2. | Жұмысқа негізделу икемділігі | 2-ден 5-ке дейін | |
3. | Қызмет этикасын сақтау | 2-ден 5-ке дейін | |
БАРЛЫҒЫ (барлық баға саны): | | | |
Қызметтес | |||
4. | Командада жұмыс істеу икемділігі | 2-ден 5-ке дейін | |
5. | Қызмет этикасын сақтау | 2-ден 5-ке дейін | |
6. | Лауазымдық міндеттерді атқару сапасы | 2-ден 5-ке дейін | |
БАРЛЫҒЫ (барлық баға саны): | | |
Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау Әдістемесінің № 3 қосымшасы |
бағалау бойынша Комиссия отырысының
ХАТТАМАСЫ
№ т/б | Қызметкерлердің аты-жөні | Тікелей басшысы- ның бағасы | Айналма- лы баға | Қорытын- ды бағасы |
2. | | | | |
3. | | | | |
4. | | | | |
Комиссияның нәтижесі:
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Тексерілді:
Комиссия хатшысы: __________________________ Күні: ________________
(аты-жөні, қолы)
Комиссия төрайымы: _________________________ Күні: ________________
(аты-жөні, қолы)
Комиссия мүшесі: __________________________ Күні: _________________
(аты-жөні, қолы)
Комиссия мүшесі: __________________________ Күні: _________________
(аты-жөні, қолы)