Солтүстік Қазақстан облысында сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 127 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 мамырда N 3256 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 44 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің 02.03.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына, "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 09 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5-тармағының 6-2) тармақшасына, "Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 09 шілдедегі № 927 қаулысымен бекітілген Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту қағидаларына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысында газды есептеу аспаптары болмаған кезде сұйытылған мұнай газын тұтыну нормалары айына бір адамға шаққанда 6,9205 килограмм мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2015 жылғы 01 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Солтүстік Қазақстан облысының
әкімі
Е. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады