1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аймақтар бойынша және дақылдар бөлінісінде 2015 жылдың өніміне бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алудың (пайдаланудың) ең төменгі нормалары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі |
Е. Сұлтанов |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2015 жылғы 08 маусым |
А. Мамытбеков |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 08 маусым № 196 қаулысына қосымша |
Аймақтар бойынша және дақылдар бөлінісінде 2015 жылдың өніміне бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алудың (пайдаланудың) ең төменгі нормалары:
1) орманды дала аймағында: Қызылжар ауданы (Налобин, Виноградов, Долматов, Вагулин, Лесной, Березов, Бугровое, Светлопольск, Рощинск және Якорь ауылдық округтері), Мамлют ауданы (Белое, Краснознамен, Пригород ауылдық округтері), Мағжан Жұмабаев ауданы (Фурманов, Гавринский, Конюхов, Октябрь, Пролетарский, Қарақоға, Лебяжье ауылдық округтері)* норманы есептеу кезінде сақтандыру қоры (30%) ескерілді;
** ең аз өсіру кезеңі дәнді көпжылдық шөптерде 10 жыл, бұршақты көпжылдық шөптерде 5 жыл екенін ескере отырып, жыл сайын дәнді көпжылдық шөптер үшін 1/10 бөлік (10%) және бұршақты көпжылдық шөптер үшін 1/5 бөлік (20%) сорт жаңарту талап етіледі.
2) далалы аймақта: Айыртау, Ақжар, Аққайың, Есіл, Жамбыл, Мағжан Жұмабаев (солтүстік-шығыс бөлігінен басқа), Қызылжар және Мамлют аудандары (солтүстік бөлігінен басқа), Ғабит Мүсірепов атындағы, Тайынша, Тимирязев, Уәлиханов (оңтүстік бөлігінің жіңішке алабынан басқа) және Шал ақын аудандары
* норманы есептеу кезінде сақтандыру қоры (30%) ескерілді;
** ең аз өсіру кезеңі дәнді көпжылдық шөптерде 10 жыл, бұршақты көпжылдық шөптерде 5 жыл екенін ескере отырып, жыл сайын дәнді көпжылдық шөптер үшін 1/10 бөлік (10%) және бұршақты көпжылдық шөптер үшін 1/5 бөлік (20%) сорт жаңарту талап етіледі.
3) құрғақ дала аймағы: Уәлиханов ауданының оңтүстігіндегі жіңішке алап