Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен алу тәртібін айқындау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 461 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 желтоқсанда N 3506 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 2 шілдедегі № 180 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің 02.07.2020 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 77-бабы 4-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен алу тәртібі айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
Е. Сұлтанов

  Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы
2 желтоқсандағы № 461
қаулысымен бекітілген

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен алу тәртібі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен алу тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11сәуірдегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 77-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленген.

      2. Осы Тәртіпте келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) бу қазандығы - оттығы бар және онда жанатын отын өнімдерімен жылытылатын және осы құрылғыдан тыс қолданылатын атмосфералық қысымнан жоғары қысымды бу алуға арналған құрылғы;

      2) жүк көтергіш механизм – кеңістікте жүктің орнын ауыстыруға арналған, жүк қармауышының қайтымды-ілгерілемелі қозғалысымен циклдік әрекет ететін көтергіш құрылғы;

      3) жүк көтергіш кран – стационарлық орнатылған жүк көтергіш механизмдермен жарақталған техникалық құрылғы;

      4) қазандық – оттықсыз немесе технологиялық не металлургиялық өндірістердің ыстық газдары не басқа да технологиялық өнім ағындары көз есебінде пайдаланылатын газдарды әбден жандыруға арналған оттығы бар бу немесе су жылыту қазандығы;

      5) қауіпті техникалық құрылғылар:

      қауіпті өндірістік объектілерде пайдаланылатын, қадағалауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын 0,07 МПа-дан астам қысыммен немесе 115 Цельсий градустан аса судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар, жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, фуникулерлер, лифтілер;

      бақылауды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі 0,07 МПа-дан астам қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтары (жылумен жабдықтау ұйымдары), 0,07 МПа-дан астам қысыммен жұмыс істейтін түтіктер, жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер;

      6) лифт – тігінен еңіс бұрышы 15о аспайтын, қатты тік сызықты бағыттағыштарға қарай қозғалатын кабинада адамдарды және (немесе) жүктерді көтеру және түсіруге арналған мерзім сайын іске қосылатын стационарлық жүк көтергіш механизм;

      7) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi орган - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      8) су жылыту қазандығы – атмосфералық қысымнан жоғарғы қысымда болатын және жылу тасымалдаушы ретінде құрылғының өзінен тыс пайдаланылатын суды жылытуға арналған және ондағы жағылатын отын өнімдерімен жылытылатын оттығы бар құрылғы;

      9) ыдыс – химия, жылыту және технологиялық процесс жүргізу, сонымен бірге газ тәріздес, сұйық және басқа да заттарды сақтау және тасымалдауға арналған герметикалы жабық ыдыс. Шығатын және кіретін штуцер ыдыстың шекарасы болады.

2. Жүк көтергіш механизмдерді есепке қою және есептен алу

      3. Жүк көтергіш механизмдерді есепке қою немесе есептен алу "Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 359 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 25 ақпан № 10332 болып тіркелген) бекітілген Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларымен (бұдан әрі - Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану қағидалары) айқындалады.

      4. Дайындаушы паспорты жоқ жүк көтергіш механизмді есепке қою мамандандырылған сараптама ұйымымен жасалған паспорт телнұсқасы негізінде жүргізіледі.

      5. Есепке мыналар қойылмайды:

      қол жетекті механизмдерімен барлық типтегі крандар, қол жетекті механизмі қозғалысы кезінде көтеру механизмі ретінде пневматикалық немесе гидравликалық цилиндр қолданылған крандар;

      көпірлі крандар және жылжымалы немесе жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейін қоса алғанда, еденнен кранға ілінген тетігі бар аппарат немесе стационар пульт көмегімен басқарылатын айналмалы консольді крандар;

      жүк көтергіштігі 20 тоннаға дейін қоса алғанда жебесі бар өздігінен жүретін крандар;

      үнемі ұшырылатын немесе айналу механизмімен жарақталмаған жебе үлгісіндегі крандар;

      монтаждалатын құрылыста орнатылатын діңгектерді, ғимараттарды, құбырларды монтаждау үшін жылжымалы крандар;

      оқу мақсаттарында кәсіби техникалық училищелер мен техникалық курстар полигондарында орнатылған көпірлі және мұнаралы крандар;

      экскаваторларда, уату-жүктеу агрегаттарында және басқа да технологиялық машиналарда орнатылған, бұл машиналарды жөндеу үшін қолданылатын крандар;

      жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейін кран-манипуляторлар;

      электр тальдар және жүкті және (немесе) адамдарды көтеруге арналған шығырлар.

      6. Жүк көтергіш крандар есептен шығарылған және қайта монтаждалған жағдайда, кранды басқа заңды немесе жеке тұлғаға бергенде және кранды тіркелмейтіндер тобына ауыстыру кезінде есептен шығарылуға тиіс.

      7. Жаңадан орнатылған лифт немесе шағын жүк көтерегіш лифтілерден басқасы реконструкцияландырылғаннан (жаңғыртылғаннан) кейін пайдалануға енгізілгенге дейін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда есепке қойылады (тіркеледі).

      Шағын жүк көтергіш лифт пайдаланушы ұйымның ішкі есебіне қойылады.

      8. Лифт кабинасының металл құрылымы жаңа кабинаға ауыстырылып жаңғыртылғаннан кейін лифтіге жаңа паспорт жасалады.

      9. Лифт иесінің немесе пайдаланушы ұйым басшысының жазбаша өтініші негізінде өтінішке қоса берілетін және Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану қағидаларының 72-тармағында көрсетілген құжаттар тізбезі бойынша өндірістік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда есепке қою (тіркеу) жүргізіледі.

      10. Жүк көтергіш механизмді есептен алу иесінің немесе пайдаланушы ұйым басшысының жазбаша өтініші бойынша паспортта есептен алу себептері туралы жазба ресімдеумен жүзеге асырылады.

      11. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі қауіпті техникалық қондырғы пайдаланатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүгінген кезде жергілікті атқарушы орган құжаттардың толық жинастырылғанын тексереді және оларды өндірістік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға есепке қоюға немесе есептен алуға жолдайды.

3. Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды есепке қою және есептен алу

      12. Қысыммен жұмыс істейтін жабдықты (қазандықты) есепке қою немесе есептен алу "Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 358 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 20 ақпан № 10303 болып тіркелген) бекітілген Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларымен (бұдан әрі - Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары) айқындалады.

      13. Қазандықты есепке қою (тіркеу) кезінде өндірістік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға мыналар ұсынылады:

      1) қазандық паспорты (Өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары 25-қосымшасы);

      2) қазандықты техникалық куәландыру актісі;

      3) монтаж сапасы туралы куәлік;

      4) қазандық орналасқан үй-жайдың сызбасы (жоспар және көлденең тілік және қажеттілігіне қарай бойлай тілік);

      5) жобаға су дайындығының сәйкестігі туралы анықтама;

      6) тоқ құралдарының болуы, сипаттамасы және жобаға сәйкестігі туралы анықтама;

      7) ұйымдағы өндірістік бақылау туралы ереже;

      8) қазандықты Қазақстан Республикасының аумағында Заңға сәйкес қолдануға рұқсат ету туралы ақпарат.

      14. Дайындаушының паспорты жоқ қазандықты есепке қою мамандандырылған сараптама ұйымы құрастырған паспорттың телнұсқасы негізінде жүргізіледі.

      15. Ыдыстар іске қосылғанға дейін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда есепке алынады.

      16. Мыналар есепке алынбайды:

      1) қабырға температурасы 200оС жоғары болмаған кезде жұмыс істейтін, м3 сыйымдылықта (литрде) МПа-мен (кгс/см2) қысымды шығаруы 0,05-тен (500) аспайтын бірінші топтағы ыдыстар, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген температурада жұмыс істейтін, м3 сыйымдылықтағы (литрде) МПа-мен (кгс/см2) қысымды шығаруы 1-ден (10000) аспайтын 2, 3, 4-ші топтағы ыдыстар. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының "Ыдыстар тобы" 3-қосымшасы бойынша анықталады;

      2) жылу оқшаулағыш қаптаманың ішінде орналасқан ауа бөлетін қондырғылардың және газдарды бөлетін аппараттар (регенераторлар, ұстындар, жылу алмастырғыштар, конденсаторлар, адсорберлер, бөлгіштер, буландырғыштар, сүзгілер, салқындатқыштар және қыздырғыштар);

      3) технологиялық қондырғылар құрамындағы тоңазытқыш қондырғы және тоңазытқыш блок ыдыстары;

      4) ауа электр ажыратқыштарының резервуарлары;

      5) турбиналарды, генераторларды және сорғыларды реттеу, майлау және тығыздау жүйесіне кіретін ыдыстар;

      6) сұйытылған газды тасымалдауға арналған бөшкелер, стационарлы орнатылған, сондай-ақ сығылған, сұйытылған және ерітілген газды тасымалдауға және (немесе) сақтауға арналған сыйымдылығы жүз литрге дейін қоса алғандағы баллондар;

      7) гидрометеорологиялық қызмет пайдаланатын сутегін алуға арналған генераторлар (реакторлар);

      8) мұнай мен газды өндіріп алудың жабық жүйесіне енген ыдыстар (ұңғымадан магистральды құбыр өткізгішке дейін);

      9) сұйытылған газды, қысымның астындағы сұйықтарды және сусыма денелерді тасымалдауға арналған ыдыстар оларды мерзімді түрде босату кезінде;

      10) сығылған және сұйытылған газы бар, өздері орнатылған көлік құралдарының қозғалтқыштарын отынмен қамтамасыз етуге арналған ыдыстар;

      11) жер астының тау-кен өндірістерінде орнатылған ыдыстар;

      12) газ құбырларында, газ тарату станцияларында, пункттерінде және қондырғыларында орнатылған висценді және басқа сүзгілер.

      17. Ыдысты есепке қою, есептен шығару үшін ыдысты пайдаланатын ұйымның басшысы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға өтініш береді. Есепке қою үшін ыдыс иесі мыналарды ұсынады:

      1) Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының "Қысыммен жұмыс істейтін ыдыс паспортының формасы" 23-қосымшасына сәйкес ыдыс паспорты;

      2) 2004 жылдан кейін шығарылған ыдыстарға арналған монтаж сапасы туралы куәлік;

      3) қысым көзі, параметрлері, оның жұмыс ортасы, арматура, бақылау-өлшеу құралдары, автоматты басқару құралдары, сақтандыру және бұғаттау құрылғылары көрсетілген ыдысты қосу сызбасы;

      4) өткізу қабілеті есептелген сақтандыру клапанының паспорты;

      5) ұйымдағы өндірістік бақылау туралы қағида немесе мамандандырылған не газ желілік ұйымдармен жасалған ыдыстарға техникалық қызмет көрсету шарты;

      6) ыдысты Қазақстан Республикасының аумағында Заңға сәйкес қолдануға рұқсат ету туралы ақпарат.

      Өндірістік қауіпсіздік жөніндегі уәкілетті органда алдында есепте тұрған ыдыстарға, осы тармақтың 2), 4), 6) тармақшаларында көзделген құжаттар мен ақпарат ұсыну талап етілмейді.

      18. Дайындаушы паспорты жоқ қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды есепке қою аттестатталған сараптама ұйымымен құрастырылған паспорттың телнұсқасы негізінде жүргізіледі.

      19. Қызмет етудің нормативтік мерзімінен өткен ыдыстарды есепке қою кезінде сараптама ұйымының оны әрі қарай қауіпсіз пайдалануға болатындығы туралы қорытындысы ұсынылады.

      20. Ыдысты жаңа орынға қайта орнату кезінде немесе ыдысты басқа иесіне беру кезінде, оны қосу сызбасына өзгерістер енгізу кезінде ыдыс іске қосылғанға дейін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда қайта тіркеледі.

      21. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ыдысты есепке қоюдан бас тартқан жағдайда Өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының 245-тармағына сілтеме беріле отырып, жазбаша түрде қажетті құжаттарды толық ұсынбау туралы бас тарту себебі көрсетіледі.

      22. Қысыммен жұмыс істейтін жабдықты (құбыр өткізгіштерді) есепке қою немесе есептен алу Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының 1297-тармағымен айқындалады.

      23. 0,07 МПа-дан астам қысыммен жұмыс істейтін құбыр өткізгіштерге дайындаушы және монтаждаушы ұйым ұсынатын құжаттама негізінде иеленуші кәсіпорын Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының "Құбыр паспортының формасы" 26-қосымшасына сәйкес паспорт жасайды.

      24. Шартты түрдегі өтуі 70 мм-ден астам І санатты құбыр өткізгіш, сондай-ақ шартты түрдегі өтуі 100 мм-ден астам ІI және ІІІ санаттардағы құбыр өткізгіштер үшін іске қосылғанға дейін өнеркәсіптік қаупісіздік саласындағы уәкілетті органда тіркеледі. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес басқа да құбыр өткізгіштер құбырларды пайдаланатын ұйымдарда есепке қойылады.

      25. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда құбыр өткізгішті тіркеу кәсіпорын әкімшілігінің-құбыр өткізгіш иесінің жазбаша өтініші негізінде техникалық куәландыру жүргізілгеннен кейін жасалады.

      Бұл ретте келесі құжаттар ұсынылады:

      1) Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының "Құбыр паспортының формасы" 26-қосымшасы бойынша құбыр өткізгіштің паспорты;

      2) құбыр өткізгіштіктің орындау схемасы;

      3) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының "Құбыр элементтерін дайындау туралы куәлік" 20-қосымшасына сәйкес құбыр элементтерін дайындау туралы куәлік;

      4) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының "Құбырды монтаждау туралы куәлік" 21-қосымшасына сәйкес құбыр өткізгішті монтаждау туралы куәландыру;

      5) иесінің құбыр өткізгішті монтаждау ұйымынан қабылдап алу актісі;

      6) ұйымдағы өндірістік бақылау туралы ереже.

      26. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі қауіпті техникалық қондырғы пайдаланатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүгінген кезде жергілікті атқарушы орган құжаттардың толық жинастырылғанын тексереді және оларды өндірістік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға есепке қоюға немесе есептен алуға жолдайды.

4. Қорытынды ереже

      27. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріне құжаттар топтамасын дайындауды және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда есепке қоюды қауіпті техникалық құрылғылардың иелері, оларды пайдаланатын және қызмет көрсететін ұйымдар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

      28. Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою, есептен алу туралы хабарламаны ұсынып, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою, есептен алу жүзеге асырылады.

      29. Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою, есептен алу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою журналында және қауіпті техникалық құрылғы паспортында тиісті жазба жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады