Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2016 жылдың қаңтарынан наурызына дейін Солтүстіқ Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында тіркеуді және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 14 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 8 желтоқсанда № 3494 тiркелдi

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16 бабына, "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 27 маусымдағы № 859 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Қазақстан Республикасының тіркелу жылы он жеті жасқа толатын ер азаматтарын "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2016 жылдың қаңтарынан наурызына дейін тіркеу және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің басшылық ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Д. Байтөлешев
       "КЕЛІСІЛДІ"
      "Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі" республикалық
мемлекеттік мекемесінің бастығы
М. Асқаров      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады