"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтары анықталсын:
1) табысы аз адамдар;
2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар;
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7) мүгедектер;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10) оралмандар;
11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар жатады.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізімі белгіленсін:
1) ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан астам);
2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
3) елу жастан асқан жұмыссыз тұлғалар;
4) маусымдық жұмыстарға қатысқан тұлғалар;
5) ешбір жұмысшысы жоқ отбасылардан тұлғалар;
6) наркологиялық орталықта емдеу курстарынан өткен тұлғалар.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің орынбасары С.Ө. Мұқановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 5 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Аққайың ауданының әкімі | Д. Байтөлешов |