"Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" Айыртау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 шілдедегі № 5-6-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 5-39-2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 шілдеде N 3325 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 8-13-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының 29.03.2024 № 8-13-1 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Айыртау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 шілдедегі № 5-6-3 "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-3-161 тіркелген, 2012 жылғы 6 қыркүйекте "Айыртау таңы" газетінде, 2012 жылғы 6 қыркүйекте "Айыртауские зори" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
      1-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын
      "1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау аудандық
мәслихатының кезектен тыс
XХXIX сессиясының төрағасы
С. Есенғалиев
      Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау аудандық
мәслихатының хатшысы
Р. Тілеубаева
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
2015 жылғы 30 маусым
Е. Қазбеков
      "Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданының
экономика және қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
2015 жылғы 30 маусым
М. Рамазанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады