Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Кенащы ауылдық округі Кенащы ауылының аумағында ірі қара мал бруцеллезі бойынша шектеу іс-шараларын алып тастау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Кенащы ауылдық әкімінің аппаратының 2015 жылғы 2 желтоқсандағы N 2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 желтоқсанда N 3511 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Ақжар ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 06-29-113 ұсынысы негізінде Кенащы ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Кенащы ауылдық округі Кенащы ауылының аумағында ірі қара мал бруцеллезі бойынша шектеу іс-шаралары алып тасталсын.
      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Кенащы ауылдық округі Кенащы ауылының аумағында ірі қара мал бруцеллезіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Кенащы ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 9 шілдедегі № 6 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2014 жылғы 1 тамызда № 2891 тіркелген, 2014 жылғы 8 тамыздағы №31 "Ақжар-хабар" және №31 "Дала Дидары" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
       3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
       4. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округ әкімі А. Мұратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады