"Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 шілдедегі № 37-6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 қыркүйекте N 3368 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2016 жылғы 30 қарашадағы № 7-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 30.11.2016 № 7-2 шешімімен (бұқаралық ақпарат құралдарында алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 және "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса берілген "Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы мәслихатының
ХХХVІІ сессиясының төрағасы
Б. Досмағамбетов
      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы мәслихатының хатшысы
Б. Ысқақова

  Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2015 жылғы 29 шілдедегі № 37-6 шешімімен бекітілген

"Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі

Жалпы ережелер

      1. "Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мәслихатының қызметін және аудандық мәслихат депутаттарының жұмысын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазнашылық органдарында шоттары бар.
      5. "Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихаты хатшысының өкімдерімен рәсімделген шешімдер қабылдайды.
      8. "Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 150400, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылы, Абылай хан көшесі, 28.
      10. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      Мемлекеттік органның орыс тіліндегі толық атауы: государственное учреждение "Аппарат маслихата района имени Габита Мусрепова".
      11. Осы Ереже "Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      13. "Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      14. Жұмыс тәртібі: "Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне бес күндік жұмыс аптасы орнатылады, жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспайды, күніне - 8 сағат (9.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс 13.00 - ден 14.30-ға дейін).

2. Мемлекеттік органның миссиясы, қызметінің нысанасы, мақсаты, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. "Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ету.
      16. "Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметінің нысанасы: мәслихат аппараты мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де камтамасыз етуді жүзеге асырады, депутаттарға өздерінің өкілеттігін жүзеге асыруға көмек көрсетеді.
      17. "Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметінің мақсаты: "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңында белгіленген құзыреті шегінде Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағында оны дамыту бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу (бұдан әрі - Заң).
      18. Негізгі міндеттері:
      1) аудандық мәслихат қызметін ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау жағынан қамтамасыз ету;
      2) аудандық мәслихатпен қабылданған шешімдердің қолданыстағы заңнамаға сәйкес болуын қамтамасыз ету;
      3) аудандық мәслихат депутаттары қызметін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
      4) тұрғындарды аудандық мәслихат қызметі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
      5) мәслихат және оның органдарының бақылау функциялары жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
      6) мәслихаттың ақпараттық жүйелерін жетілдіру;
      7) мәслихат аппараты қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлаудан өтуін қамтамасыз ету.
      19. Функциялары:
      1) аудандық мәслихат депутаттарына ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау бойынша қызмет көрсету;
      2) аудандық мәслихаттың қарауына енгізілген нормативтік-құқықтық актілер жобалары мен өзге де шешімдері жобаларының орындалуын бақылау, аудандық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілер мониторингін жүргізу;
      3) мәслихат қызметін қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындарды тағайындау, іс-сапарлық шығындарды өтеу, депутаттарды қажетті кеңсеқұралдарымен және депутаттық қызметті атқару үшін қажетті өзге де тауарлармен қамтамасыз ету;
      4) бұқаралық ақпарат құралдарында мәслихат қызметі туралы басылымдардың, қалалық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің жариялануын ұйымдастыру;
      5) атқарушы органдар басшыларының ақпараттарын, есептерін жинақтау және талдау, аудандық мәслихат депутаттарының алдында өз қызметі бойынша есеп беретін мемлекеттік органдардың қызмет қортындысы бойынша анықтамалар дайындау.
      20. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының Регламентін өз құзыреті шеңберінде орындалуын қамтамасыз ету;
      2) белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінен, өзге де ұйымдар мен азаматтардан ақпарат, анықтамалар, есептер, шешімдер жобаларын, нормативтік құқықтық актілері жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында басылуы туралы мәліметтер, ғылыми сараптамалар мен сараптамалық кеңестердің қорытындыларын, аудандық мәслихаттың қарауына енгізілген шешімдер жобалары бойынша қажетті келісулерді, сессиялардың күн тәртібі мен тұрақты (уақытша) комиссиялардың отырыстарында қаралатын мәселелер бойынша өзге де құжаттамаларды сұрау;
      3) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін аудандық мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелерді талқылауға қатыстыру, тиісті шешімдерді даярлау үшін уақытша жұмыс топтарын құру;
      4) депутаттар сауалдарын және депутаттық ұсыныстарды дер кезінде қаралуын және іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен мекемелерге депутаттық сауалдар жолдау;
      5) аудандық мәслихатқа жолданған азаматтардың өтініштері орындалу мерзіміне және нәтижелеріне бақылау жүргізу;
      6) аудандық мәслихат құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен лауазым иелеріне кеңестік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсету.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      21. "Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты аудандық мәслихаттың хатшысы жүзеге асырады, ол "Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы.
      22. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының хатшысы мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшілік даусымен сайланады және қызметінен босатылады.
      23. Мәслихат хатшысының орынбасарлары болмайды.
      24. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының хатшысының өкілеттіктері:
      1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді және сессия төрағасымен бірге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
      2) мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысу үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;
      3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;
      4) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) сайлаушылардың өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат беріп отырады;
      6) мәслихаттың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
      7) Заңға сәйкес әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
      8) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;
      9) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;
      10) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкілеттік етеді;
      11) мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды белгілейді;
      12) бекітілген заң тәртібімен өз құзыреті шеңберінде аппарат қызметкерлерін мадақтайды және тәртіптік жаза қолданады;
      13) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес және Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының шешімі бойынша өзге де функцияларды атқарады.
      Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша мәслихаттың тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.
      25. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке сайланатын және қызметтен босатылатын Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының хатшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      26. "Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      27. "Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      29. "Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады