Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мəслихатының 13.11.2019 № 53-1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың үйде оқытуға жұмсаған шығындарын төлеу тәртібі айқындалсын:
1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі;
2) үйде оқытылатын мүгедектер қатарындағы кемтар балаларға шығындарды өндіріп алу (толық мемлекет қарауындағы мүгедек балалардан басқа) ата-анасының біреуіне немесе мүгедек балалардың басқа заңды өкілдеріне беріледі;
3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында көрсетілгендей, кемтар баланы үйде оқытудың қажеттілігі танылған жағдайда, өтініш берген айдан бастап тағайындалады;
4) шығындарды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау, мүгедек баланың интернат-үйі немесе санаторлық мектепте оқып жатқан кезеңінде, мүгедек баланың тұрғылықты жерін ауыстыруы), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
2. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тоқсан сайын әр балаға 6,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
3. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2015 жылғы 29 шілдедегі № 37-5 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 19 тамызда № 3348 тіркелген, Қазақстан Республикасының "Әділет" нормативтік құқықтық актілер жүйесінде 2015 жылғы 25 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.