"Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 39/238 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 44/280 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 қазанда N 3418 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2021 жылғы 7 қазандағы № 11/102 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 07.10.2021 № 11/102 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 39/238 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3073 тіркелді, 2015 жылғы 20 ақпанында "Есіл Таңы" және "Ишим" газеттерінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындары ай сайын үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.";
      2 тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "3) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағына сәйкес ұсынылады" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11342 тіркелді);"
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихаты
сессиясының төрағасы
В. Шкодин
      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының
хатшысы
Т. Мұқашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады