2016 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында тұратын, мақсатты топтарға жататын тұлғалардың мақсатты топтарын анықтау және қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы N 385 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 25 желтоқсанда N 3517 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 мамырдағы N 110 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 04.05.2016 N 110 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтары анықталсын:
       1) аз қамтылған;
       2) жиырма бip жасқа дейінгі жастар;
       3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
       4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғыз басты, көп балалы ата-аналар;
       5) Қазакстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен асырауында тұракты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар;
       6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
       7) мүгедектер;
       8) Қазакстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
       9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
       10) оралмандар;
       11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітіруші түлектер;
      12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар.
      13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар жатады
      14) террорлық актіден жәбірленуші адамдар және оның алдын кесу шараларға қатысқан адамдар
       2. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізімі белгіленсін:
       1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
       2) елу жастан асқан жұмыссыз тұлғалар;
       3) колледждер мен кәсіби лицейлердін түлектері, оқу мекемелерін аяктаған күнінен бастап бір жыл бойына;
       4) ұзақ уақыт бойына жұмыс істемейтін тұлғалар (он екі немесе одан ұзақ айлар);
       5) бір де біреуі жұмыс істемейтін отбасыларының тұлғалары;
       6) жұмыстан айырылуына байланысты босатылған тұлғалар;
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің басшылық ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы 2016 жылдың 1 қантарынан бастап қүшіне енеді.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданының әкімі
И. Турков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады