Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында 2016 жылғы қаңтар - наурыз аралығында Қазақстан Республикасы ер азаматтарын әскери есепке алу және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
ЖаңаСолтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық әкімінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 19 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 қарашада N 3463 болып тіркелді
1. 2016 жылғы қаңтар-наурыз аралығында "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім" республикалық мемлекеттік мекемесінің әскерге шақыру учаскесіне тіркеуге тұратын жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтарын әскери есепке алу және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары М.М. Жұмабаеваға жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз