1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 42, 45 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18 бабы 7), 8) тармақтарына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2. "Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қоса берілген Ережесі бекітілсін.
3. "Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген мерзімде әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді өткізсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Т.Қ. Есжановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Жұмабеков |
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 545 қаулысымен бекітілді |
"Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. "Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудан аумағында сәулет, құрылыс, қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствосы бар.
3. "Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі "Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және уәкілетті органы болып табылады.
"Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 150700, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, Институт көшесі 1.
10. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде: "Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение "Кызылжарский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта, автомобильных дорог, строительства, архитектуры и градостроительства".
11. Осы Ереже "Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру болып табылады.15. Міндеттері:
1) Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) экология және қоршаған ортаны қорғаудың талаптарына сәйкес елді мекендердің құрылыс салуы, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымы, абаттандыруды кешенді қалыптастыру міндеттерін шешуге бағытталған өкілеттіктерді жүзеге асыру;
3) жеке және заңды тұлғаларға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету;
4) аудандық коммуналдық тұрғын үй қорын басқару.
16. "Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1) құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында:
заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (ауданды жоспарлау жобасын), елді мекендердің бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;
мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;
аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыру;
аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қою, объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдердің жобаларын дайындау;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға объектілерді (кешендерді) қабылдау бойынша комиссияның құрамын белгілеу және тағайындау, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізу бойынша аудан әкімі шешімінің жобасын дайындау;
аудандық маңызы бар тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауды және олардың күтiп - ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргiзудi ұйымдастыру;
аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихатқа бекітуге ұсыну;
заңнамада белгіленген тәртіппен салынып жатқан (салуға белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу;
ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттіліктер үшін алып қою бойынша ұсыныстар әзірлеу;
бұрыннан бар ғимараттардың үй-жайларын қайта жоспарлау арқылы қайта құру туралы шешім қабылдау;
елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін сұралып отырған жағдайда жер учаскесін таңдау актісін оның ахуалдық схемасымен қоса дайындау және оны бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберу;
өтініш берушімен "электрондық үкімет" веб-порталы немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы хабарлама жіберу жолымен жер учаскесін түпкілікті таңдау актісін келісу;
елді мекендердің бас жоспарларының бекітілген схемалары, егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарлары, инженерлік коммуникациялар схемалары жөніндегі ақпаратты интернет-ресурста және халыққа қолжетімді жерлердегі арнайы ақпараттық стендтерде, деректерді жаңартып отыру кезеңділігімен тоқсан сайын орналастыру;
салу үшін сұралып отырған жер учаскесі бос емес болған жағдайда жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы қорытынды ресімдеу;
бөліп беруге арналған алаңдардың дайындығы туралы және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезектілік тізімдері туралы ақпаратқа қол жетімділікті оларды кемінде тоқсанына бір рет арнайы ақпараттық стендтерде орналастыру және (немесе) аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру.
2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында:
коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысын және оны бөлуді ұйымдастыру;
тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану бойынша іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізу;
жалдаушылармен коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін үйлерді жалдау шарттарын жасау;
кондоминиумды бастапқы тіркеген кезде кондоминиум объектісіне техникалық паспорттар дайындау жөніндегі шығыстарды өтеуді бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген шарттармен және тәртіппен коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді Қазақстан Республикасы азаматтарының меншігіне беруді жүзеге асыру;
ауданның елді мекендерін абаттандыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
ауданның су құбырларын, тазалау құрылыстарын, жылу және электр желілерін және басқа көлік пен инженерлік инфрақұрылымының нысандарын салу және пайдалануды ұйымдастыру;
ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңіндегі жұмыс істеуге дайындалу бойынша жұмысын үйлестіру, отын дайындау барысына мониторинг жүргізу;
аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желiсiн, елдi мекендердiң көшелерiн басқару;
аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елдi мекендердiң көшелерiн салу, қайта құру, жөндеу және күтiп - ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
жолаушылар мен багажды тұрақты ауылдық және ауданішілік тасымалдауларды ұйымдастыру, олардың маршруттарын бекiту, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру және өткiзу, маршруттар бойынша жүру кестелерiн бекiту;
жолаушылар мен багажды тұрақты ауылдық және ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзу;
шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртiбiн әзірлеу;
ауылдық және ауданішілік қатынастарда әлеуметтiк мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асыру;
тахографтарды орнату және оған қызмет көрсету бойынша қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;
таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;
жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
17. Құқықтары мен міндеттері:
"Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі құқылы:
аудан әкімдігінің қарауына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы стратегиялардың мақсаттары, басымдылықтары бойынша ұсыныстарды енгізуге;
мемлекеттік органдардан, мекемелерден, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан белгіленген тәртіпте қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
"Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізуге;
құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімдігінің, аудандық мәслихаттың, аудандық консультациялық - кеңесші органдарының отырыстарына қатысуға;
белгіленген тәртіпте аудан аумағында құрылыс және қайта құру нысандарына баруға;
өз құзыреті шегінде жаңа тұрғын үй саясатын іске асыру, құрылыс салу және абаттандыру мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға;
объектілерді пайдалануға беруге қабылдау бойынша мемлекеттік қабылдау және қабылдау комиссияларын құру туралы аудан әкімі шешімдерінің жобаларын дайындауға.
"Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі міндетті:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтауға.
3. "Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
18. "Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.19. "Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын аудан әкімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.
20. "Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
"Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастырады және басшылық етеді және жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына жауапкершілік тартады;
аудан әкіміне бөлімнің штат кестесін бекітуге ұсынады;
құзыреті шегінде аудан әкімдігіне және аудан әкіміне нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және басқа құжаттарды қарауға ұсынады;
"Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
"Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін белгілейді;
"Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін көтермелеу мәселелерін шешеді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
"Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бұйрықтарын шығарады, сондай-ақ "Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне міндетті түрде орындау үшін тапсырма береді;
"Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда ұсынады;
"Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етеді;
"Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде ер азаматтардың және әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;
"Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына дербес жауапты болады;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттікті жүзеге асырады.
21. "Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. "Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
23. "Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. "Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.