2015 жылдың қаңтарынан бастап наурызға дейін Қазақстан Республикасы ер азаматтарының Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында тіркеуін және медициналық куәландырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің 2015 жылғы 24 қарашадағы N 23 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 желтоқсанда N 3496 болып тіркелді

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы"Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16 бабына, "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. 2015 жылдың қаңтарынан бастап наурызға дейін тіркеу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасы ер азаматтарының Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің әскерге шақыру учаскесінде (келісім бойынша) тіркеу және медициналық куәландырылуы ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің орынбасары Е.А. Акласовқа жүктелсін.
      3. Осы шешім оны алғашқы рет ресми жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданының әкімі
Е. Бекшенов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің
"Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің бастығы
2015 жылғы 24 қараша
А. Хорошенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады