"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер мен көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2014 жылғы 21 мамырдағы № 187 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2015 жылғы 4 қарашадағы N 325 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 қарашада N 3479 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2022 жылғы 17 наурыздағы № 148 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 17.03.2022 № 148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер мен көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2014 жылғы 21 мамырдағы № 187 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2832 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 шілдеде "Тайынша таңы" аудандық газетінде, 2014 жылғы 25 шілдеде "Тайыншинские вести" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласының көшелері мен көппәтерлі тұрғын үйлерінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
мәслихатының
XLІI-ші сессиясының төрағасы
А. Рафальский
      Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
мәслихатының хатшысы
Қ. Шәріпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады