"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының регламентін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 154 шешіміне шешімін (Нормативтiк құқықтық актілердің мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2014 жылғы 4 ақпандағы № 2543 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 ақпанда "Тайынша таңы" аудандық газетінде, 2014 жылғы 21 ақпанда "Тайыншинские вести" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің преамбуласы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағы 5) тармақшасына, "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының ХLIII-ші сессиясының төрағасы |
Р. Бәтенов |
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының хатшысы |
Қ. Шәріпов |