Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Есіл ауылдық округі әкіміне кандидаттардың таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайды ұсыну және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар анықтау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 225 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 5 қарашада N 3441 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 3 мамырдағы № 90 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 03.05.2019 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 27-бабы 3-тармағына, 28-бабы 4, 6-тармақтарына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тимирязев аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Есіл ауылдық округі әкіміне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын ретінде: Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Жеңіс көшесі, № 11-үй мекен-жайы бойынша "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдындағы алаңда орналасқан стенд анықталсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Есіл ауылдық округі әкіміне барлық кандидаттар таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін келісім-шарт негізінде Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Жеңіс көшесі, № 11-үй мекен-жайы бойынша орналасқан "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны оқу залының үй-жайы ұсынылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің аппарат басшысы А.С. Жүсіповке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 10 қарашадан пайда болған қатынастарға таралады.

      Тимирязев ауданының әкімі Е. Базарханов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Солтүстік Қазақстан облысы
      Тимирязев аудандық сайлау
      комиссиясының төрағасы Ж. Мәкенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады