2015 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы N 35 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 наурызда N 3126 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 4-тармағы 8-1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген 2015 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Уәлиханов ауданының әкімі

А.Төрегелдин


Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 35 қаулысымен бекітілген

2015 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
 

Балабақша мен мектепке дейінгі мекемелердің атауы
 

Мемлекеттік білім беру тапсырысы, орын саны
 

Айына жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі, теңге
 

Айына ата-ананың ақы төлеу мөлшері, теңге
 

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің "Балдәурен" бала бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
 

150 (жергілікті бюджет)
130 (республикалық бюджет)
 

29074
 
16203
 

3 жасқа дейін 4000
 
3 жастан 4500
 

"Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігі "Күншуақ" бала бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
 

150
(жергілікті бюджет)
 

19483
 

3 жасқа дейін 4000
 
3 жастан 4500
 

Мектепке дейінгі шағын орталықтар
 

404
(республикалық бюджет)
 

16203
 

3 жасқа дейін 3332
 
3 жастан 3332
 

Мектепке дейінгі шағын орталықтар
 

145
(жергілікті бюджет)
 

10148
 

3 жасқа дейін 3560
 
3 жастан 3560
 

Барлығы:
 


91111
 

-
 

   
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады