"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 13-бабының 1-1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37- баптарына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Атырау облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының индекстерінің атаулары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
"Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Т.Ә. Шәкімовке жүктелсін.
Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Ізмұхамбетов |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы _________________М. Пішембаев "17" шілде 2015 жыл |
Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы "17" шілдедегі № 221 қаулысымен бекітілген |