Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы № 317-ІV "Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 407-V шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 03 желтоқсанда № 3362 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 207-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 16.03.2018 № 207-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің 487 бабының 1 тармағына сәйкес, V шақырылған облыстық мәслихат кезектен тыс ХХХV сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы № 317-ІV "Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2566 санымен тіркелген, 2010 жылы 6 мамырда "Атырау" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      5-жолы "Балық шаруашылығы, су көздерінен балық аулаушы тұтынушылар" алынып тасталсын.

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология, қоршаған ортаны қорғау, агроөнеркәсіп және ауылшаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Д. Құлжанов) жүктелсін.

      Сессия төрайымы Г. Садуахасова
      Мәслихат хатшысы С. Лұқпанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады