Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қаласы Кеңөзек ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 226 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 желтоқсанда № 3398 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес, Кеңөзек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Атырау қаласы, Кеңөзек ауылдық округі, Қайнар тұрғын үй алабындағы:
      1) № 3 көшеге "Есенжан Мусағалиевтың";
      2) № 4 көшеге "Сабыр Ержановтың";
      3) № 5 көшеге "Жұмаш Бегалиевтің";
      4) № 6 көшеге "Сұлташ Өтешевтің";
      5) № 7 көшеге "Әбдіғали Құрманғазиевтың";
      6) № 8 көшеге "Төремұрат Сағынаевтың";
      7) № 30 көшеге "Мырзағали Марқабаевтың" есімі берілсін.
      2. Атырау қаласы, Кеңөзек ауылдық округі, Өрлеу тұрғын үй алабындағы:
      1) № 3 көшеге "Бағыт Дәрібаевтың";
      2) № 5 көшеге "Омар Төлешевтің";
      3) № 7 көшеге "Қатап Жұмиевтың";
      4) № 8 көшеге "Құбайдолла Жұлдызовтың";
      5) № 11 көшеге "Елжан Өтеевтің" есімі берілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Кеңөзек ауылдық округінің әкімі Г. Абишев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады