Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақыcының мөлшерлемесін есептеу Қағидаcын бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 09 ақпандағы № 83 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 02 наурызда № 3113 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 228 қаулысымен

      Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 15.05.2015 № 228 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту" туралы қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту қағидаларының 50-тармағына сәйкес Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу Қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Ахметовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М. Ізбасов

  Жылыой ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "9" ақпандағы № 83 қаулысымен бекітілген

Аудандық коммуналдык мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу Қағидасы

      1. Осы аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту қағидаларының 50-тармағына сәйкес әзірленді және аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындайды.
      2. Аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың теңгерімінде тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес тұрғын емес үй-жайдың салыну үлгісі, түрі, қолайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің қолданылатын базалық мөлшерлемесі мен мөлшерлері негізінде анықталып, мына формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ап = Рбс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф, мұнда:
      Ап- жылына аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың теңгерімінде тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Рбс- 1 шаршы метрге жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі, жылына теңге;
      S – жалға алынатын алаң, шаршы метр;
      Кт - құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент;
      Кк - тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент;
Кск - қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент;
Кр - аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
Квд - жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
      Копф-жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
      3. Жабдықтарды, автокөлік құралдары мен басқа да тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының есеп айырысуы мына формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ап = С х Nam/100 х Кп мұнда:
      Ап - жылына жабдықтар, көлік құралдары мен басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      С - бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны;
      100 пайыз тозуы есептелген жабдықтарды, көлік құралдары мен баска да тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтіру) құнынан 10 пайыз мөлшерінде қабылданады;
      Nam - Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 120-бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
      Кп - төмендету коэффициенті (жабдықтар мен көлік құралдары алпыс пайыздан аса тозу кезінде - 0,8 мөлшерінде, сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беру кезінде - 0,5 мөлшерінде).
      4. Аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін, сондай-ақ жабдықтарды, көлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды сағат бойынша мүліктік жалдауға (жалға алуға) ұсыну кезінде жалдау ақысын есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ач=Ап/12/Д/24, мұнда:
      Ач – сағатына аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері, жабдық, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Ап – жылына аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері, жабдық, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Д – объектілерді мүліктік жалдауға беру жүзеге асырылатын айдағы күндердің саны.

  Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу Қағидасына қосымша

Тұрғын емес үй-жайдың салыну үлгісі, түрі, қолайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің қолданылатын базалық мөлшерлемесі мен мөлшерлері


Базалық мөлшерлемесі

 

Әкімшілік-аумақтық бірлік

Базалық мөлшерлеменің мөлшері

1
Атырау облысы Жылыой ауданы
Тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген 1,5 айлық есептік көрсеткіш


Коэффициенттер түрі

Коэффициент мөлшері

1
Құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент (Кт):
 
1.1 кеңселік

1,0

1.2 өндірістік

0,8

1.3 қойма, гараж, қазандық

0,6

1.4 спорттық ғимараттар (стадиондар, спорттық залдар)

0,7

2
Тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент (Кк):
2.1 жеке тұрған құрылыс

1,0

2.2 жапсарлас-жанаса салынған бөлігі

0,9

2.3 астыңғы (жартылай жертөле) бөлігі

0,7

2.4 жертөле бөлігі

0,6

3
Қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент (Кск):
3.1 барлық инженерлік-техникалық құрылғылары бар үй-жайлар үшін (электр энергиясы, кәріз, сумен қамтамасыздандыру, жылу) коммуникациялардың қандай да бір түрлері жоқ болса, әрбір түрге 0,1-ге азаяды

1,0

4
Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Кр):
4.1 аудан орталықтары үшін

1,0

4.2 кент, ауыл

0,5

5
Жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Квд):
5.1 халыққа қызмет көрсетуге арналған банкттердің, "Казпошта" акционерлік қоғамның есеп айырысу-кассалық орталықтары үшін (қол жетімділігі шектеулі аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың ғимараттарында 0,5-ке төмендету коэффициенті қолданылады),

2,0

5.2 брокерлік қызметті жүзеге асыру және кеден қызметтерін көрсету, айырбастау пункттері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық кеңселер, адвокаттық кеңселер үшін

3,0

 
5.3 оқу орындарының жатақханаларында сауда қызметтерін ұйымдастыру үшін

1,9

5.4 қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру үшін

1,5

5.5 мынадай салаларда қызметтерді ұйымдастыру үшін:
орта, техникалық, кәсіптік,орта білімнен кейінгі білім беру мектепке дейінгі білім беру

0,9

0,8

5.6 денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында қызметтерді ұйымдастыру үшін

1,0

5.7 өткізу жүйесі бар (қол жетімділігі шектеулі) аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың ғимараттарында қызметкерлердің тамақтануын ұйымдастыру, тұрмыстық қызметтерді көрсету, сондай-ақ оқу орындарындағы асхана мен буфеттер үшін

0,5

5.8. 5.1-5.7-тармақтарда көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда, қызмет түрлері үшін

1,9

6
Жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Копф):
6.1 сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін

0,9

6.2 акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайыздары немесе акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі және табысының кемінде 90 пайызын бюджеттік бағдарламаларды орындаудан алатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) үшін

0,8

6.3 қайырымдылық және қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар үшін

0,5

6.4 қалғандары үшін

1,0

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады