Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы әкімінің 21.01.2019 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылқы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Махамбет ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен келісе отырып, Махамбет ауданы әкімінің 2012 жылғы 11 қазандағы № 19 "Махамбет ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2626 болып тіркеліп, аудандық "Жайық шұғыласы" газетінің 2012 жылғы 18 қазанында жарияланған) шешімінің қосымшасына келесідей өзгерістер енгізілсін:
шешімнің қосымшасындағы сайлау учаскелерінің нөмірлері "№205"-тен "№215"-ке, "№206"-дан "№216"-ға, "№232"-ден "№217"-ге, "№233"-тен "№218"-ге, "№221"-ден "№219"-ға, "№207"-ден "№220"-ға, "№208"-ден "№221"-ге, "№220"-дан "№222"-ге, "№218"-ден "№223"-ке, "№219"-дан "№224"-ке, "№216"-дан "№225"-ке, "№217"-ден "№226"-ға, "№214"-тен "№227"-ге, "№215"-тен "№228"-ге, "№212"-ден "№229"-ға, "№211"-ден "№230"-ға, "№209"-дан "№231"-ге, "№210"-нан "№232"-ге, "№213"-тен "233"-ке, "№222"-ден "№234"-ке өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Н.С. Қалиевқа жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы |
М. Сейтқалиев |
"КЕЛІСІЛДІ": Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы "27" ақпан 2015 жыл |
Ж. Пазулов |