"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес Индер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидасын бекіту туралы" Индер ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 115 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2884 тіркелген, 2014 жылғы 17 сәуірдегі "Дендер" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидасының:
мемлекеттік тілдегі мәтіннің 12 тармағында "сақтаудан" деген сөз "сатудан" деген сөзімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Е.Нұрлыбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Арыстан