Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 25.12.2023 № 103-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес және Ганюшкин ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 105 шешімі негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №364-V "Құрманғазы ауданының ауылдық округтерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3085 санымен тіркелген, аудандық "Серпер" үнжариясында 2015 жылғы 19 ақпанда жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:көрсетілген шешіммен бекітілген 1 қосымшаға:
"отыз" деген сөздер "сексен" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, жастар саясаты, заңдылық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Ш. Жәлелов) жүктелсін.3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІХ сессиясы төрағасының міндетін атқарушы, аудандық мәслихат хатшысы |
Р. Сұлтанияев |