"Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 3 қыркүйектегі № 37 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 қыркүйекте № 3347 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 16 мамырдағы № 808 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 16.05.2016 № 808 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Қ.Ж.Қалыбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 37 қаулысымен бекітілген

"Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. "Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 160000, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Тәуке хан даңғылы, 6 үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы ішкі саясат саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
      15. Міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, қала әкімдігі мен қала әкімінің "Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
      2) Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауының, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі басымдықтарын қалада түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету;
      3) ішкі саясат саласындағы қалалық маңызы бар бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
      4) қаладағы қоғамдық-саяси ахуалды болжауға бағытталған социологиялық зерттеулер жүргізу;
      5) "Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарауына жататын мәселелері бойынша қала әкімдігі қаулыларының және қала әкімі шешімдерінің жобаларын дайындауға қатысу, оларды жүзеге асыру бойынша шаралар қолдану және орындалу барысына бақылау жасау.
      16. Функциялары:
      1) қаладағы қоғамдық-саяси жағдайға мониторингті, талдау мен болжамды жүргізеді;
      2) қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғам өкілдерімен байланыс пен өзара іс-қимыл орнатады;
      3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы материалдарға, жарияланымдарға, бағдарламаларға, қоғамдық-саяси жағдай тақырыбы бойынша және атқарушы органдар жұмысы туралы басылымдарға талдау жүргізеді;
      4) қала әкімдігінің тиісті бөлімдері үшін консультациялар мен семинарлар өткізеді және әдістемелік материалдар, ұсынымдар даярлауды ұйымдастырады;
      5) "Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімінің, қала әкімінің актілерін орындау бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырады;
      6) жастар саясаты саласындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуді және өңірлік бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз етеді;
      7) жергілікті деңгейде "Қазақстан – 2050" Стратегиясын насихаттау бойынша тәжірибелік және ғылыми-әдістемелік іс-шараларды ұйымдастырады;
      8) Шымкент қаласындағы діни жағдайды зерделеп, талдау жүргізеді. Азаматтардың дін ұстану еркіндігіне құқығын қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі уәкілетті органдарға ұсыныстар енгізеді;
      9) ішкі саясат саласындағы қала әкімі мен әкімдігінің консультативтік-кеңесі органдарының қызметін қамтамасыз етеді;
      10) қала әкімдігінің веб-сайтының қызметін ұйымдастырады;
      11) Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің қала аумағында пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асырады;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізеді.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) жиналыстарды өткізу тәртібін ұйымдастырады, қала әкімдігінің отырыстарына қатысады;
      2) "Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарына жария етілуін қамтамасыз етеді;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және осы Ережеде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      21. "Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
      2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
      3) сенімхаттар береді;
      4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
      5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
      6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
      7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады.
      "Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаларға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлкі қалалық коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады