"Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 205 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 қарашада № 3431 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 16 мамырдағы № 808 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 16.05.2016 № 808 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қ.Жұматаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 28 қазандағы
№ 205 қаулысымен бекітілген

"Шымкент қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      2. "Шымкент қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Шымкент қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің ведомствалары жоқ.
      3. "Шымкент қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Шымкент қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Шымкент қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Шымкент қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Шымкент қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен, "Шымкент қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Шымкент қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Ғ.Іляев көшесі 66 "а", индекс 160011.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы-"Шымкент қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Шымкент қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Шымкент қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Шымкент қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Шымкент қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Шымкент қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Миссиясы: Шымкент қаласы аумағында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, коммуникация бойынша мемлекет саясатын жүзеге асыру.
      15. Міндеттері: жолаушылар тасымалын жолдардың құрылысын салу және жөндеу, бағдаршам мен жол белгілерін орнату және күтіп-ұстау жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру.
      16. Функциялары:
      1) Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңнамасына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;
      2) қаланың жолдардын салуды, пайдалануды және күтiп ұстауды ұйымдастырады;
      3) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық, қала маңындағы тасымалдауларды ұйымдастырады, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастырады және өткiзедi;
      4) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық, қала маңындағы автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзедi;
      5) таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;
      6) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы және концессиялар туралы заңдарына сәйкес жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, жер асты және жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерін салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
      7) қаланың коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;
      8) жалпыға ортақ автомобиль жолдарын, қаладағы көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      9) салу, реконструкциялау, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталған жолды пайдалануға қабылдау жұмысшы және мемлекеттік қабылдау комиссиясының жұмысын үйымдастыру;
      10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен, жүктелетін өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттің мүдделерін ұсыну және соттарда, барлық меншік нысанындағы ұйымдарда оның мүліктік құқықтарын қорғау;
      2) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы қызметтерді жетілдіру туралы қала әкіміне және орындаушы органдарға ұсыныстар енгізу;
      3) мемлекеттік органдардан және басқада мекемелерден "Шымкент қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру мақсатында мәліметтерді сұрату;
      4) "Шымкент қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің құзіретіне қатысты қала әкімнің өкімін, қала әкімдігінің қаулысын, шешімін, маслихат шешімдерінің жобаларын даярлауға қатысу;
      5) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласын дамытуда, инвестицияларды тартуда ортақ стратегияны қалыптастыру және іске асыру;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, заңды тұлға ретінде барлық құқықтарды пайдалану.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Шымкент қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің басшылықты "Шымкент қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Шымкент қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Шымкент қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Шымкент қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
      2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
      3) сенімхаттар береді;
      4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
      5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
      6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
      7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады.
      "Шымкент қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаларға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Шымкент қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Шымкент қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Шымкент қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Шымкент қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Шымкент қаласының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады