Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігінің 25.01.2016 № 139 хатымен).
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және оларды қаржыландырудың көздерi осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсін.
2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.
3. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбек заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнама қолданылады.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ділдәбековке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі С.Ертай
Арыс қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 26 қаңтардағы
№ 57 қаулысымен бекітілген
2015 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және оларды қаржыландырудың көздерi
р/с |
Ұйымдардың атауы |
Жұмыс түрлері |
Адам саны |
Қоғамдық жұмыстардың көлемі |
Қаржыландыру көздерi |
1 |
Арыс қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту және жіберу, мұрағат құжаттары және тізімдерін жасау, құжаттарды қалыптастыру және тігу, тұрғындардың үйлерiн аралау |
90 |
4000 іс-құжат, 9000 іс-құжат, 4000 үй, |
Қалалық бюджет |
2 |
Арыс қаласының «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту және жiберу, |
80 |
5000 іс-құжат, 110000 шаршы метр |
Қалалық бюджет |
3 |
«Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкi iстер департаментi Арыс ауданының iшкi iстер бөлiмi» мемлекеттік мекемесі |
Жастардың арасында салауатты өмiр салтын насихаттау жұмысын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу («Сақшы» және «Тәртіп» пилоттық жобалары) |
30 |
6 ауылдық округ аумағында |
Қалалық бюджет |
4 |
Арыс қаласы «Қожатоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
Ауылдық округті көгалдандыру, ауылды көріктендіру, қоқыстарды тазарту |
40 |
30000 шаршы метр |
Қалалық бюджет |
5 |
Арыс қаласы «Монтайтас ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
Ауылдық округті көгалдандыру, ауылды көріктендіру, қоқыстарды тазарту |
30 |
30000 шаршы метр |
Қалалық бюджет |
6 |
Арыс қаласы «Байырқұм ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
Ауылдық округті көгалдандыру, ауылды көріктендіру, қоқыстарды тазарту |
30 |
30000 шаршы метр |
Қалалық бюджет |
7 |
Арыс қаласы «Жиделі ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
Ауылдық округті көгалдандыру, ауылды көріктендіру, қоқыстарды тазарту |
30 |
30000 шаршы метр |
Қалалық бюджет |
8 |
Арыс қаласы «Ақдала ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
Ауылдық округті көгалдандыру, ауылды көріктендіру, қоқыстарды тазарту |
30 |
30000 шаршы метр |
Қалалық бюджет |
9 |
Арыс қаласы «Дермене ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
Ауылдық округті көгалдандыру, ауылды көріктендіру, қоқыстарды тазарту |
30 |
30000 шаршы метр |
Қалалық бюджет |
10 |
Арыс қаласының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Мұрағат құжаттары тiзiмдерiн жасау, құжаттарды көбейту, құжаттарды қалыптастыру, оларды тiгу |
10 |
3000 іс-құжат |
Қалалық бюджет |
11 |
Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Мұрағат құжаттары тiзiмдерiн жасау, құжаттарды көбейту, құжаттарды қалыптастыру, оларды тiгу |
30 |
3000 іс-құжат |
Қалалық бюджет |
12 |
«Ақаба-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Кәріз жүйелерін ағымдағы және күрделi жөндеу жұмысына көмек көрсету |
10 |
2000 шаршы метр, |
Қалалық бюджет |
13 |
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Оңтүстік ауызсу» филиалы |
Су жүйелерін ағымдағы және күрделi жөндеу жұмысына көмек көрсету |
50 |
5000 шаршы метр, |
Қалалық бюджет |
14 |
Арыс қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «ЖАСЫЛ АЙМАҚ-АРЫС» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын |
Демалыс және мәдениет орталық паркiнiң аумағын жинау, абаттандыру, көгалдандыру, қоғамдық жұмыстарға көмек көрсету |
35 |
100000 шаршы метр, 70000 шаршы метр |
Қалалық бюджет |
15 |
«Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық филиалы |
Мұрағат құжаттары тiзiмдерiн жасау, құжаттарды қалыптастыру, оларды тiгу |
10 |
2000 іс-құжат |
Қалалық бюджет |
Барлығы: |
535 |
Ескертпе: Қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.