"Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 775 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 шілдеде № 3244 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 20 мамырдағы № 460 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 20.05.2016 № 460 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес Мақтаарал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Сұлтанхановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Ж.Бейсенбаев

  Мақтаарал ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 9 шілдедегі
№ 775 қаулысымен бекітілген

"Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер

      1. "Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Жетісай қаласы, А.Қалыбеков көшесі № 21 үй, индекс 160500.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      15. Міндеттері:
      1) Агроөнеркәсiптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын әзірлеу;
      2) Агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялаудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де бағыттары бойынша жүзеге асырылады;
      3) Мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
      4) Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту;
      5) Жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      6) Мемлекеттік органның құзырына кіретін мәселелер бойынша отырыстар өткізеді;
      16. Функциялары:
      1) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      3) ауданның, жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
      4) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
      5) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
      6) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
      7) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
      8) ауданның жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
      9) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
      10) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
      11) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
      12) ауданның жер балансын жасау;
      13) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
      14) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
      15) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      16) Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 71-бабына сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
      17) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
      18) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;
      19) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
      20) жер-кадастрлық жоспарды бекіту жатады.
      21) агроөнеркәсiптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын әзірлеу;
      22) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарда дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңға және осы саладағы басқада нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
      23) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
      24) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;
      25) елді мекендерде ауыл шаруашылығы малын ұстау мен жаюдың ережелерiн әзiрлеу;
      26) агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу және оны облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) беру;
      27) ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларын қолдану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      28) жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру);
      29) агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялау;
      30) басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыру, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандату;
      31) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын арзандату;
      32) өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандату;
      33) ауылшаруашылық тауарларын өндiрушiлерге суды беру бойынша көрсетiлетiн қызметтердiң құнын субсидиялау;
      34) шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындарды субсидиялау;
      35) ауылшаруашылық өнiмiн өндiруді басқару жүйелерiн дамыту;
      36) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту;
      37) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) жиналыстарды өткізу тәртібін ұйымдастырады, аудан әкімдігінің отырыстарына қатысады;
      2) "Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарына жария етілуін қамтамасыз етеді;
      3) "Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Мақтаарал ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемеcінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
      2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
      3) сенімхаттар береді;
      4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
      5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
      6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
      7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады.
      "Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      23. "Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бірінші басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      24. "Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25. "Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады