Отырар ауыл округі Арыс ауылының А. Құлбатыров көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Отырар ауыл округі әкімінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 65 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 желтоқсанда № 3453 болып тіркелді. Күші жойылды -Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Отырар ауыл округі әкімінің 2016 жылғы 4 ақпанда № 9 шешімімен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Отырар ауданының Отырар ауыл округі әкімінің 04.02.2016 № 9 шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Отырар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 184 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Отырар ауыл округі Арыс ауылының А.Құлбатыров көшесінің тұрғыны Ф.Әдібаеваның итінің құтырық ауруымен ауруына байланысты А.Құлбатыров көшесінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Отырар ауыл округінің әкімі С.Сейілбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады