"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының Сарыағаш аудандық аумақтық инспекциясының басшысының 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 02-17/71 (02-16) ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жүзімдік ауылдық округі А.Сәтбаев ауылының Ш.Уалиханов көшесі нөмір 1 мекен жайдағы тұрғын үйдің ауласында ұсталған шибөрінің құтырық ауруымен ауруына байланысты Ш.Уалиханов көшесінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жүзімдік ауылдық округінің әкімі | У.Смаилов |