Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы" Тарбағатай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 қазандағы № 22-3 шешімі және Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 474 қаулысы негізінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы шешімге және қаулыға қосымшаға сәйкес Қабанбай ауылдық округінің, Қарасу ауылдық округінің жерлерін және босалқы жерлерді Тұғыл ауылдық округінің құрамына қосу жолымен шекараларын өзгертіп Тарбағатай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізілсін.
2. Осы шешім және қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Облыс әкімі |
А. Уразов | Д. Ахметов |
Облыстық мәслихат хатшысы | |
Г. Пинчук |
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 27/335-V шешіміне қосымша |
|
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 90 қаулысына қосымша |